Есіл даласы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Есіл даласы Батыс Сібір жазығының оңтүстігінде, Ертіс және Тобыл өзендерінің аралығында жатқан орманды жазық. Батысында Орал тауына, оңтүстігінде Торғай үстірті мен Көкшетау қыратына дейін созылып жатыр. Оңтүстік бөлігі Солтүстік Қазақстан облысы жерін қамтиды. Солтүстік бөлігі Ресейдің Қорған, Түмен, Омбы облыстары жерінде. Көл, өзен аңғарлары, жал, бұйраттан тұратын даланың жер беті саз, балшықтан, құм, құмайт, т.б. борпылдақ жыныстардан түзілген. Ойпаң жерлері суффозиялық процесс нәтижесінде пайда болған. Есіл даласының климаты тым континенттік: қысы суық, жазы ыстық. Қыс ерте түседі. Қар 150 — 170 күнге дейін жатады, қалыңдығы 30 см-ге дейін жетеді. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 300 — 400 мм, оның 250 мм-і жаз айларында түседі. Даламен Тобыл, Есіл өзендері ағып өтеді. Олар, негізінен, қар суымен толығатындықтан, жаздың аяғына қарай едәуір тартылады. Ірі көлдері: Жалаулы, Сілетітеңіз, Теке, Үлкен Қараой, Шағалалы. Есіл даласының сұр, қара, қызыл қоңыр сортаң топырағында көктеректі-қайыңды және қайыңды ормандар мен бұталы қалың тоғайлар өседі. Олар даланың 40%-ін құрайды. Тоғайлар арасын астық тұқымдас әр түрлі шөптер өсетін шалғынды дала алып жатыр. Дала қазіргі уақытта түгелдей дерлік жыртылып, егістікке айналған. Ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығы, биязы жүнді қой және шошқа шаруашылықтары дамыған. <ref name="test">Қазақ энцклопедиясы</ref>

<ref name="test">Қазақ энцклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Есіл даласы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}