Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Ғимарат Есік мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайыАлматы облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне және Қазақстанның жалпы ұлттық қасиетті нысандар тізбесіне енген археологиялық – өлкетану мұражайы.

Орналасқан жері

Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы.

Тарихи деректер

Есік қорғандары ежелде Ұлы далада гүлденген әйгілі скиф-сақ мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Сақтық аң стилі - Еуразия жазықтарында б. з. б. I мыңжылдықта пайда болған өнер стилі және табиғи құбылыс. Ежелгі көшпенділер қайталанбас көркем символикалық тіл ойлап тапты, ол олардың әлемге деген көзқарасын білдіріп қана қоймай, сонымен қатар, саны бойынша ең көп түркі халқы - қазақтардың мәдени кодының ажырамас бөлігі болып қалыптасты.
1970 жылы Есік қаласының маңындағы К.А. Ақышевтың бастауымен жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде хандық қорған табылды. Қазір ол "Есік обасы" - жас абызханның - Алтын адамның сақталып қалған бірегей жерленген орны ретінде 6елгілі. Алтын адамның тамаша киімінің салтанаттылығы мен мағынаға иелігі сонша, ол ежелгі көшпенділердің әлем туралы түсініктерінің моделін білдіреді. Жауынгердің киімін безендіріп тұрған, ежелгі көшпенділер үшін қасиетті саналған алтын жануарлар мен құстар жаратылыстардың әртүрлі деңгейінің белгісі ретінде Әлем ағашының ерекше аңдық проекциясын жасап тұрады. Мұндағы алтын - құдайға тән билік мен ерекше мәртебенің белгісі. Бүгінде Есік және басқа да 80-ге жуық қорған, ежелгі сақ тұрақтары "Есік" мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының қарауында және туристтік жолдардағы ең қызықты нүктелердің бірі болып табылады.
Қорғандағы алтын бұйымдардың жалпы саны 4000-нан асады, жерлеу орнында күміс ыдыстар да табылған, олардың бірінде әлі күнге дейін сыры ашылмаған жазулар бар. Мамандар оны оқудың әр түрлі нұсқаларын ұсынуда. Есік қорғанында табылған заттар ежелгі Қазақстанның тарихы, мәдениеті және өнеріндегі ең таңқаларлық парақтарын ашады. Алтын адам тәуелсіз Қазақстанның символы болып табылады, ал оның киіміндегі кейбір элементтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің ерекше ажырамас бөлігі.<ref>Қазақстанның тарихи-мәдени нысандарының және жаппай зиярат ету еті орындарының альбомы. - Астана: ҚазҒЗМИ, 2018. - 496 бет.ISBN 978-9961-23-485-9</ref>

Ашылу кезеңі

Алматы облысының кешенді және жеке археологиялық, сәулеттік мәдени-табиғи ескерткіштерінің негізінде олардың қорғалатын аймақтары шекарасында археологиялық – өлкетану мұражайы Алматы қаласы әкімінің 1993 жылғы 24 ақпандағы № 2 – 440 шешіміне сәйкес ашылды.
1993 жылдың шілде айында мұражай директоры болып Бағжанов Иманмұхамед Момынұлы<ref>әкім Үлгі:Webarchive</ref> тағайындалды.
1998 жылы "тарих жылы" деп танылуына байланысты Алматы облысында туризмді<ref>Алматы облысының туризм басқармасыҮлгі:Deadlink</ref> дамыту мәселесі көтерілді. Сондай-ақ есік қорғандарында "ашық аспан астындағы мұражайды" ашу туралы тұжырымдама жасалды.
1999 жылдың мамыр айында Алматы облыстық мәдениет басқармасының шешімімен, аудандық әкімшіліктің қолдауымен есік қорғандарында "ашық аспан астындағы мұражай" жұмыс істей бастады. Бірінші болып қорғандарда жылжымалы көрмені музейдің бас сақтаушысы Бекмұхамбет Нұрмағанбетов, аға ғылыми қызметкер Мирас Нұрмағанбетов, реставратор Самат Момынов ұйымдастырды.
Мұражай қорында 1081 сақтау бірлігі бар. Оның ішінде негізгі қор - 707 с.Б.
2003 жылы музейдің 10 жылдық мерейтойына орай экспозиция толығымен қайта ресімделді<ref>Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Үлгі:Webarchive</ref>. Қазіргі уақытта экспозиция төрт залдан тұрады: Тәуелсіз Қазақстан; Өлкетану; Археологиялық; "Есік қорғанының қазынасы».
Экспозицияның негізін қазба материалдары құрайды. Атап айтқанда, Есік қорғандарынан табылған, кейіннен "Алтын адам" деп аталған Қазақстанның ұлттық мақтанышы болып табылады. Қазба жұмыстарының басым бөлігі Алматы облысының аумағында болды. Олардың арасында Есік, Бесшатыр, Түрген, Боралдай, Кеген және т. б. белгілі патшалық қорғандар бар.

Мұражай ғимараты

Ғимарат 1963 жылы "Юность" кинотеатрына салынды. 1993 жылдан бастап мұражай ретінде қолданылады. 2004 жылы құрылысқа ағымдағы жөндеу жүргізілді. 2010 жылы экспозицияны күрделі жөндеу және рәсімдеу жұмыстары жасалды.

Мұражай экспонаттарынан көріністер

Фотосуреттер 2018 жылы түсірілген:

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер