Есмұқан Несіпбайұлы Обаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есмұқан Несіпбайұлы Обаев 1941 жылы 23 маусымда Алматы облысы Кеген ауылында туған. Қазақ. Әкесі-Обаев Несіпбай (1907-1978), жұмысшы, кеңшардың шаруашылық меңгерушісі, май зауытының директоры болған. Анасы - Обаева Құлжан (1923-1998), аспаз болған, үй шаруасымен айналысқан. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваторияның театр факультетін бітірген (1964), драма театрының режиссері. Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры (1993 жылдан). Орыс, қырғыз және ұйғыр тілдерін біледі. 1964 жылдан - М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының қоюшы-режиссері. 1968 жылдан - Мәскеу көркем академиялық театрының тәжірибе жинақтаушы-режиссері. 1970 жылдан - Ғ. Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық жасөспірімдер мен балалар театрының қоюшы-режиссері. 1972 жылдан - Абай атындағы Семей облыстық музыкалық драма театрының көркемдік жетекшісі. 1992 жылдан - Т. Жүргенов атындағы қазақ мемлекеттік театр мен кино институтының ректоры. 1995 жылдан - ҚР мәдениет министрінің бірінші орынбасары. 2001 жылдан бері - М. Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының директоры, көркемдік жетекшісі. Режиссерлік-қойылымдық жұмыстары: М. Әуезов, «Абай», «Қарагөз», «Айман - Шолпан», «Еңлік-Кебек»; Н. Гоголь, «Үйлену», «Ревизор»; У. Шөкспир, «Асауға тұсау»; Ғ. Мүсірепов, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу»; Ф. Эрве, «Мадемуазель Нитуш»; С. Мұқанов, «Шоқан Уәлиханов», «Мөлдір махаббат», «Ботагөз»; М. Ғапаров, «Тұзды шөл»; М. Файзи, «Башмақтар»; Б. Жакиев, «Жұрейік, жүрек ауыртпай», Н. Келімбетов, «Үміт үзгім келмейді». ҚазКСР Еңбек сіңірген өнер қайраткөрі (1975). ҚазКСР Халық әртісі (1988). «Парасат» орденімен марапатталған. «Тарлан» сыйлығының иегері (2004). Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Д.А. Қонаев, Н.Ә. На- зарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жоғары білімді, тәуелсіз, өркендеген, бай, бейбітшілікті жақтайтын мемле- кет». Хоббиі - автожарыстар. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи драматургия, романдар, деректі проза. Тұл ер. Жұбайы - Обаева Бағила Разанқызы, марқұм. Қыздары - Обаева Анар Есмұқанқызы (1975 ж. т.), экономика ғылымдарының кандидаты, ҚР Ұлттық банкі бас бухгалтерінің орынбасары; Обаева Ажар Есмұқанқызы (1975 ж. т.), «Альянс банкі» АҚ басқармасының бастығы. 2 немересі бар. <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub