Ескерткіш монеталар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Мазмұны

БҰҰ-ның 50 жылдығы құрметіне арналған монета

Біріккен Ұлттар Ұйымы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған болатын, оның негізгі мақсаты - халықтар арасындағы бейбітшілікті қолдау және қамтамасыз ету, соғысты болғызбау.

24 қазан жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымының күні ретінде аталып өтіледі.

1992 жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясында Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымына мүшесі болып бірауыздан қабылданды

Монета Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2004 жылғы 23 желтоқсандағы № 182 қаулысына сәйкес айналыстан алынады.

Үстіңгі бетінің (аверсінің) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында екі жолға "20 ТЕҢГЕ" деген жазу орналастырылған. Номиналдың оң және сол жағында - ұлттық ою-өрнек элементі. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКI" деген сөздер орналастырылған.

Монетаның сыртқы жағында (реверс) ортада - Біріккен Ұлттар Ұйымының 50-жылдығы эмблемасы бейнеленген. Эмблеманың оң жақ төменгі бөлігінде "1945-1995" деген жылдар жазылған. Айналдыра ағылшын және қазақ тілдерінде "UNITED NATIONS. БIPIKKEН ҰЛТТАР ҰЙЫМЫ" деген жазу орналастырылған.

Қырында (гурт) "ЖИЫРМА ТЕҢГЕ" деген жазу бар. Ойып жазылған. Диаметрі - 31мм, қалыңдығы- 2мм, массасы - 11.37 грамм.

Таралымы 5 млн. дана, оның 50 мың данасы, "proof-like" сапасымен.

Қазақстан тәуелсіздігінің 5 жылдығына арналған монета

1991 жылғы 16 желтоқсанда халықтың еркін білдіре отырып Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі салтанатты түрде жарияланды. Осы күн жыл сайын Қазақстанның Тәуелсіздік күні ретінде тойланады.

Үстіңгі бетінің (аверсінің) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында екі жолға "20 ТЕҢГЕ" деген жазу орналастырылған. Номиналдың оң және сол жағында - ұлттық ою-өрнек элементі. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКI" деген сөздер орналастырылған.

Монетаның сырт жағында (реверс) - жиынтық бейне бар: алдыңғы жағында мүсіндер топтамасымен өрілген Қазақстан Тәуелсіздігінің монументі қанатты барыс үстіндегі жауынгер, оның артында Іле Алатауы таулы қыраты аясындағы Республика Президентінің резиденциясы мен Үкімет Үйі бейнеленген. Монетаның жоғары бөлігінде айналдыра "ТӘУЕЛСIЗ ҚАЗАҚСТАНFА" деген жазу орналастырылған. Оның астындағы бос орында "5 ЖЫЛ" және монетаның шығарылған жылын білдіретін "1996" сандары жазылған.

Қыры (гурт) бедерлі, ол 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Диаметрі - 31мм, қалыңдығы- 2мм, массасы - 11.37 грамм.

Таралымы - 100 мың дана.

Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылына арналған монета

Республика азаматтарының, қоғамдық бірлестіктері мен ұйымдарының көптеген өтініштерін ескере отырып, жалпыұлттық татулықты, қоғамдық-саяси тұрақтылықты нығайту мақсатында 1997 жыл Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жалпыұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы деп жарияланды.

Үстіңгі бетінің (аверсінің) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында екі жолға "20 ТЕҢГЕ" деген жазу орналастырылған. Номиналдың оң және сол жағында - ұлттық ою-өрнек элементі. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКI" деген сөздер орналастырылған.

Монетаның сыртқы жағында (реверс) ортасында біздің ортақ үйіміз - Қазақстан Республикасында бейбітшілік пен татулықты сипаттайтын шаңырақты композициялық тұрғыда айналдыра жасалған көгершіннің мәнерленген бейнесі орналасқан. Бейненің астында монетаның жасалған жылы "1997" деп жазылған. Мәнерленген бейне саяси қуғын-сүргін символы - үзілген тікенек сымның шеңберіне орналастырылған. Айналдыра қазақ және орыс тілдерінде "ТАТУЛЫҚ ПЕН ЕСКЕ АЛУ ЖЫЛЫ. ГОД СОГЛАСИЯ И ПАМЯТИ" деп жазылған.

Қыры (гурт) бедерлі, ол 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Диаметрі - 31мм, қалыңдығы- 2мм, массасы - 11.37 грамм.

Таралымы- 50 мың дана.

Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы ретінде таныстыруға арналған монета

Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын таныстыру 1998 жылғы маусымда болды. Астананы таныстыру әлемдік қауымдастықтың зор қызығушылығын туғызды, ал астананы Астана қаласына көшірудің өзі халықаралық маңызы бар факті болып табылды.

Үстіңгі бетінің (аверсінің) жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген, оның астында екі жолға "20 ТЕҢГЕ" деген жазу орналастырылған. Номиналдың оң және сол жағында - ұлттық ою-өрнек элементі. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКI" деген сөздер орналастырылған.

Монетаның сырт жағының (реверс) орта тұсында Астана қаласын Қазақстан Республикасының жаңа астанасын таныстыру эмблемасы бейнеленген. Шаңырақты қоршап тұрған эмблеманың элементтері ою-өрнек түрінде гүлмен көмкерілген. Төменгі бөлігінде "АСТАНА" деп жазылған. Айналдыра қазақ және орыс тілдерінде "ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА АСТАНАСЫ. НОВАЯ СТОЛИЦА КАЗАХСТАНА" деген жазу орналастырылған. Оң жағына, төменгі тұсына "1998" - монеаның шығарылған жылы жазылған.

Қыры (гурты) бедерлі, бедерленіп 10 бөлікке бөлінген. г Қыры (гурт) бедерлі, ол 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Диаметрі - 31мм, қалыңдығы- 2мм, массасы - 11.37 грамм.

Таралымы -50 мың дана.

Қазақстанның үшінші мыңжылдықты салтанатты қарсы алуына арналған ескерткіш монета

1999 жылғы 15 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

Монетаның үстіңгі бетінде (аверс) жоғары жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және оның астында "50 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға жазылған. Номиналдың оң және сол жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналастырылған. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деп жазылған.

Монетаның сыртқы жағында (реверс) үшінші мыңжылдықты салтанатты қарсы алуға әзірлену және оны өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия бекіткен Милленниумді Қазақстанда қарсы алудың ресми рәмізі бейнеленген. Монетаның төменгі жағына оның шығарылған жылы "1999" деп жазылған.

Диаметрі - 31 мм, қалыңдығы - 2 мм, массасы - 11.17 грамм.

Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы - 50 мың дана.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 55 жылдығына арналған монета

2000 жылғы 24 сәуірде айналысқа шығарылды.

Қазақстан жауынгерлерінің Ұлы Отан соғысындағы қаһармандығын мәңгі есте қалдыру қазақстандық патриотизмді нығайту, ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді, бірлікті және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға бағытталған.

Монетаның үстіңгі бетінде (аверс) жоғары жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және оның астында "50 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға жазылған. Номиналдың оң және сол жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналастырылған. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деп жазылған.

Монетаның сырт жағының (реверс) ортасына Алматы қаласындағы 28 панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалы бейнеленген. Жоғарғы жағына төрт жолға қазақ және орыс тілдерінде "ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 55 ЖЫЛ ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЕ 55 ЛЕТ" деп жазылған, ол алты бесжұлдызбен көркемделген. Төменгі жағына Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс жылын білдіретін - "1945" және монетаның соғылған жылы - "2000" датасы көрсетілген.

Диаметрі - 31 мм, қалыңдығы - 2 мм, массасы - 11.17 грамм.

Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы - 50 мың дана

Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған монета

2000 жылғы 1 қыркүйекте айналысқа шығарылды.

Түркістан қаласы - Қазақстан жеріндегі ең көне қалалардың бірі. Ұлы жібек жолының бұрынғы керуен жолдарының тоғысқан жеріне, сондай-ақ ұлы ақын және дінді уағыздаушы Қожа Ахмет Ясауидың кесенесіне мінәжат етушілер үшін географиялық жағынан ыңғайлы орналасқандықтан, оның өркендеуіне және сауданың жандануына ықпал етті. Орталық Азия аймағының тарихи, мәдени және рухани өмірінде Түркістан қаласының атқаратын ролі зор.

Монетаның үстіңгі бетінде (аверс) жоғары жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және оның астында "50 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға жазылған. Номиналдың оң және сол жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналастырылған. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деп жазылған.

Монетаның сырт жағының (реверсі) ортасына Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің оңтүстік қақпасы бейнеленген. Оң жағында "2000" деп шығарылған жылы жазылған. Оның астында "1500 ЖЫЛ" деген сөздер екі қатарға орналастырылған. Оның оң және сол жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Үстіңгі жағына "ТҮРКІСТАН" және "АХМЕТ ЯСАУИ КЕСЕНЕСІ" деген сөздер айналдыра екі жолға жазылған.

Диаметрі - 31 мм, қалыңдығы - 2 мм, массасы - 11.17 грамм.

Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы - 50 мың дана.

Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған монета

2000 жылғы 13 қарашада айналысқа шығарылды.

Монетаның үстіңгі бетінде (аверс) жоғары жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген және оның астында "50 ТЕҢГЕ" деген жазу екі жолға жазылған. Номиналдың оң және сол жағында ұлттық ою-өрнек элементтері орналастырылған. Айналдыра "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деп жазылған.

Монетаның сыртқы жағында (реверс) Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығын мерекелеудің ресми рәмізі бейнеленген және "2001" саны ақшаның соғылған жылын білдіреді. Монетаны айналдыра кант жүргізілген.

Диаметрі - 31 мм, қалыңдығы - 2 мм, массасы - 11.17 грамм.

Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы - 50 мың дана.

Ұлттық валютаның енгізілуіне 10 жыл толуына арналған мерейтойлық биколорлық монеталар

2003 жылғы 1 қазанда айналысқа шығарылды.

Биколорлы (құрамдас) монета араластырылып орналастырылған сақина мен дискіден тұратын шеңбер түрінде жасалған. Монетаның ішкі дискі ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан, сыртқы сақинасы сары түсті «нибрасс» қоспасынан жасалған.

Бет жағы (аверсі)

Барлық төрт монетаның бет жағында бірдей жалпы бейне бар. Ортасында бедерленген шеңбердің үстіне екі жолға монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» жазуы орналастырылған. Жоғарғы тұсына сегіз бұрышты розеткамен бөлінген ұлттық ою-өрнектің үш элементі айналдыра салынып, сол жағына - «ҚҰБ» деген жазу, оң жағына - Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналастырылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Сырт жағы (реверсі)

1) ортасына арқардың басының мифтік бейнесі - 1993 жылғы үлгідегі құны 1 теңгелік монетадан алынған көшірме салынған. Монетаның сол жақ тұсында - ұлттық ою-орнектің элементі және мемлекеттік тілде «ТЕҢГЕГЕ 10 ЖЫЛ» деген жазу бар. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2003» деген сан айналдыра орналастырылған. Жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін сан бедерлі нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген;

2) ортасына бөрінің (қасқырдың) мифтік бейнесі және спираль мен қолдың идеограммасы - 1993 жылғы үлгідегі құны 3 теңгелік монетада бейнеленген көшірме салынған. Монетаның оң жақ тұсында - ұлттық ою-өрнектің элементі және мемлекеттік тілде «ТЕҢГЕГЕ 10 ЖЫЛ» деген жазу бар. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2003» деген сан айналдыра орналастырылған. Жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін сан бедерлі нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

3) ортасына барыстың мифтік бейнесі - 1993 жылғы үлгідегі құны 5 теңгелік монетада бейнеленген көшірме салынған. Монетаның оң жақ тұсында - ұлттық ою-өрнектің элементі және мемлекеттік тілде «ТЕҢГЕГЕ 10 ЖЫЛ» деген жазу бар. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2003» деген сан айналдыра орналастырылған. Жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін сан бедерлі нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген;

4) ортасына құстың (қораздың) мифтік бейнесі және спиральдың идеограммасы - 1993 жылғы үлгідегі құны 10 теңгелік монетада бейнеленген көшірме салынған. Монетаның оң жақ тұсында - ұлттық ою-өрнектің элементі және мемлекеттік тілде «ТЕҢГЕГЕ 10 ЖЫЛ» деген жазу бар. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін «2003» деген сан айналдыра орналастырылған. Жазу және монетаның соғылған жылын білдіретін сан бедерлі нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген. Монеталардың бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.Қыры (гурты) бедерлі, қырында мемлекеттік тілде «ЖҮЗ ТЕҢГЕ» және орыс тілінде «СТО ТЕНГЕ» деген жазулар бар. Жазулар бес бұрышты жұлдыздармен бөлінген.Диаметрі – 24,5 мм, қалыңдығы – 1,90 мм, салмағы - 6,45 грамм, таралымы – монетаның әр түрі бойынша 100 мың данадан.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 60 жылдығына арналған монета

2005 жылғы 16 сәуірде айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде "50" саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Номиналдың сол жағы мен оң жағына ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген сөздер айналдыра жазылып, жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) орта тұсына муар лентаның үстіне Отан соғысы ордені бейнеленген. Жоғарғы бөлігіне айналдыра мемлекеттік тілде «ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 60 ЖЫЛ», төменгі бөлігіне орыс тілінде «60 ЛЕТ ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЫ» деген жазулар және Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс жылын және монетаның соғылған жылын білдіретін «1945-2005» сандары жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Диаметрі - 31 мм, қалыңдығы - 2 мм, массасы - 11.17 грамм.

Қыры (гурт) бедерлі, 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы - 50 мың дана.

Қазақстан конституциясына 10 жылдығына арналған металл ақша

2005 жылғы 15 шілдеде айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде "50" саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін "ТЕҢГЕ" жазуы бар. Номиналдың оң жағы мен сол жағына ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Мемлекеттік тілде "ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ" деген сөздер айналдыра жазылып, шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) орта тұсына мерейтойлық күннің ресми рәмізі (эмблема) бейнеленген. Төменгі бөлігіне монетаның соғылған жылын білдіретін "2005" саны жазылған. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Диаметрі – 31 мм, қалыңдығы – 2 мм, салмағы – 11.17 грамм.

Қыры (гурты) 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы – 50 мың дана.

БҰҰ-ның 60 жылдығына арналған монета

2005 жылғы 15 қазанда айналысқа шығарылды.

Біріккен Ұлттар Ұйымы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұйымдастырылды және оның негізгі міндеті халықаралық бейбітшілікті қолдау мен қамтамасыз ету және соғысты болдырмау.

Жыл сайын 24 қазан Біріккен Ұлттар Ұйымының күні ретінде аталып өтеді.

1992 жылғы 2 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Қазақстан Республикасы бір ауыздан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылданды.

Биколорлы (құрама) монета шоғырланып орналасқан сақина мен дискіден тұратын шеңбер пішіндес болады. Монетаның ішкі дискісі ақ түсті «нейзильбер» қоспасынан, сыртқы сақина сары түсті «нибрасс» қоспасынан дайындалған.

Монетаның бет жағына (аверсіне) ортасында бедерлі шеңбер үстіне екі жолға монетаның номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» жазуы орналастырылған. Айналдыра ұлттық ою-өрнектің үш элементі бейнеленген, жоғары бөлігі сегіз бұрышты әшекеймен, сол жақ бөлігі «ҚҰБ» жазуымен, оң жақ бөлігі Қазақстан теңге сарайы тауар белгісімен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағының (реверсінің) орта бөлігінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 60 жылдығының ресми рәмізі (эмблемасы) бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ» деген жазу және төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2005» саны орналасқан. Жазу мен соғылған жыл бедерлі нүктелермен бөлінген. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның бет жағындағы және сырт жағындағы бейнелер мен жазулар бедерлі.

Қыры (гурты) бедерленген, мемлекеттік тілде «ЖҮЗ ТЕҢГЕ» және орыс тілінде «СТО ТЕНГЕ» деген жазулар бар. Жазулар бес бұрышты жұлдыздармен бөлінген.

Диаметрі – 24,5 мм, қалыңдығы – 1,9 мм, салмағы – 6,45 грамм.

Таралымы – 100 мың дана.

Желтоқсан оқиғасының 20 жылдығына арналған монета

2006 жылғы 14 желтоқсанда айналысқа шығарылды.

Монетаның бет жағының (аверсінің) жоғарғы бөлігінде Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Төменгі бөлігінде «50» саны және оның астында монетаның номиналын білдіретін «ТЕҢГЕ» жазуы бар. Номиналдың оң жағы мен сол жағына ұлттық ою-өрнектің элементі жалтыратып салынған. Мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген сөздер айналдыра жазылып, шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына арналған және 2006 жылы Алматы қаласындағы Желтоқсан және Сәтпаев көшелерінің қиылысында орнатылған «Тәуелсіздік таңы – Рассвет свободы» монументті бейнеленген. Жоғарғы бөлігінде «20 ЖЫЛ» деген жазба, төменгі бөлігінде есте қалатын оқиға жылын және монета соғылған жылды білдіретін «1986» және «2006» деген сандар жазылған.

Диаметрі – 31 мм, қалыңдығы – 2 мм, салмағы – 11.17 грамм.

Қыры (гурты) 10 бөлікке бөлініп бедерленген.

Таралымы – 50 мың дана.

Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласының 10 жылдығына арналған ескерткіш монета

2008 жылғы 27 маусымда айналысқа шығарылды.

Монетаның беткі жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының елтаңбасы бес рет бұралып өрнектелген сегіз бұрышты розеткамен қоршалып бейнеленген және мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу орналасқан. Монетаны айналдыра моншақ тәріздес тізбек пен шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сыртқы жағында (реверсінде) ел астанасы Астана құрылысының белгілі үйлерінен коллаж бейнеленген. Монетаның сол жақ жоғарғы бөлігінде мемлекеттік тілде «АСТАНА 10 ЖЫЛ», оң жақта – қаланың онжылдық тарихының белгісі – астананың елтаңбасы бейнеленген. Монетаның сол жақ төменгі бөлігінде соғылған жылын білдіретін «2008» деген сан орналастырылған.

Диаметрі – 31 мм, қалыңдығы – 2 мм, массасы – 11,17 грамм.

Қыры (гурты) 10 бөлікке бөлініп, бедерленген.

Таралымы – 50 000 дана.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына арналған монета

2010 жылғы 23 сәуірде айналысқа шығарылды.

Диаметрі – 31 мм, массасы – 11,17 грамм.

Қыры (гурты) бедерлі.

Монетаның бет жағында (аверсінде) жоғарғы бөлікте Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Елтаңба бейнесінің оң жағында «ҚҰБ» деген аббревиатура орналасқан. Төменгі бөлігінде монетаның номиналын білдіретін «50 ТЕҢГЕ» деген жазу бар. Номиналдың сол және оң жағында ұлттық ою-өрнек элементі бейнеленген. Айналдыра мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазу және шығыңқы жиек жүргізілген.

Монетаның сырт жағында (реверсінде) орталық бөлігінде Жеңіс символдарынан композиция орналасқан. Композицияның оң және сол жағында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің және монетаның соғылған жылын білдіретін «1945» және «2010» деген сандар. Жоғары бөлігінде айналдыра мемлекеттік тілде «ҰЛЫ ЖЕҢІСКЕ 65 ЖЫЛ», төменгі бөлігінде орыс тілінде «65 ЛЕТ ВЕЛИКОЙ ПОБЕДЕ» деген жазу бар. Айналдыра шығыңқы жиек жүргізілген.

Таралымы – 50 мың дана.<ref>Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: «Жеті жарғы», 2011. — 368 бет. ISBN 978-601-288-026-7</ref>

Тағы қарағыз

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}