Ескен Елубаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ескен ЕлубаевҮлгі:Туғанкүні жылы, Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Отар стансасында туған. 1958 жылы Отар стансасындағы №529 теміржол орта мектебін бітірген. ҚазМУ-дің филология факультетін 1966 жылы тамамдаған. 1966 жылдан бастап «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, «Жалын», «Өнер», «Балауса» баспаларында, «Балдырған» журналының бас редакторының орынбасары болып қызмет істеген.

Шығармашылығы

Ең алғашқы өлеңі 1958 жылы республикалық «Ара» журналында жариялайды.Қырықтан астам кітаптары қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген. «Балабек», «Асар» пьесалары республиканың көптеген театрларында қойылып келеді. «Саған күшік керек пе?» кино-фильмі автордың пьесасы бойынша түсірілген. Шығармалары қазақ және орыс мектептеріне арналған оқулықтарға енген.

  • Көк жейде. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1967;
  • Көкпар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970;
  • Баламысың деген. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981;
  • Өжет. Пьесалар, тақпақтар. А., «Өнер», 1984;
  • Кто сильнее? Стихи. А., «Жалын», 1984.

Жетістіктері

Негізінде балаларға арнап жазады. Оның «Болатбек» пьесасы республикалық қуыршақ театрында қойылған. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (1994). Ұлттық «Астана-Бәйтерек» конкурсының екі дүркін бірінші жүлдегері (2007 — 2008), Халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің екінші жүлдегері (2008). «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен марапатталған, Мемлекеттік грант иегері. Қазір зейнеткер.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: “Ақ арыс” баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}