Ескендір Дастанұлы Қыбырай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ескендір Дастанұлы Қыбырай (14 тамыз 1997 жыл<ref>Ескендір Қыбырай</ref>) — қазақстандық футболшы, "Шахтер" клубының қорғаушысы.
Карьерасы
Клубтық
"Қайрат" клубының түлегі. 2018 жылға дейін Қазақстанның төменгі лигаларында "Қайрат Академия", "Қайрат Жастар" клубтарында ойнады. 2018 жылы Қазақстан премьер лигасының протоколына ілінді, бірақ чемпионатта бір ойынға да қатыспады.
2019 жылы "Жетісу" командасының фарм клубтарына ауысты.
"Жетісудың" негізгі құрамында 2020 жылы 11 қыркүйекте "Оқжетпеске" қарсы ойында алаңға шықты.
2021 жылдың басында "Шахтерға" ауысты. 2 шілдеде сырт алаңда "Астанамен" ойында кеншілер сапындағы (дұрысы Қазақстан чемпионатындағы) тұңғыш голын соқты. Бұл ойында "Шахтер" 3:4 есебімен ұтылды.