Есет Құдайбергенұлы Жұбанов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мағына Үлгі:Ғалым Есет Құдайбергенұлы Жұбанов (22 қараша 1929 жылы туған, Ақтөбе қаласы — 2007 жылы қайтыс болды) – ғалым, филология ғылымдарының докторы (1997), профессор (1996). Әкесі - Құдайберген Жұбанов.

Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

1936 ж. Алғашқы білім жолын Алматыдағы №12 қазақ орта мектебінен бастайды.<ref>Жұбанов Е. Эпос тілінін өрнектері / Е. Жұбанов. Алматы: Ғылым, 1978. - 184 б</ref>

1938-1943 ж. ауылға көшіп келіп, «Қызылжар» жеті жылдық мектебінде оқуын жалғастырып, мектебіндегі оқуын өте жақсыға бітіреді.

1944-1946ж. Ақтөбе қаласындағы Н.Байғанин атындағы 2 жылдық мұғалімдер институттыңың дарялық курсын аяқтап, осы институттың қазақ тілі мен әдебиеті бөлімшесіне қабылданды.

ҚазПИ-ді (қазіргі ҚазҰПУ) бітірген (1951). 1951 –57 жылдары Петропавл педагог училищесінің оқытушысы, Солтүстік Қазақстан облысының мұғалімдер білімін жетілдіру институтының бөлім меңгерушісі, оқу бөлімінің нұсқаушысы, “Қазақстан мұғалімі” газетінің қызметкері, 1957–1959 жылдары Тіл және әдебиет институттында ғыл. қызметкер, 1959–1961 жылдары осы институттың аспиранты, 1962–1991 жылдары кіші, аға ғылым қызметкер болған. 1991 жылдан Ақтөбе мемлекеттік университетінде доцент, жұбановтану лабораториясының меңгерушісі қызметін атқарады. Негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары қазақ эпостарының тілін, әдеби тіл тарихын талдауға арналған.

Шығармалар

  • Литературно-лингвистические особенности “Козы-Корпеш – Баян-Сулу”. А., 1967;
  • Эпос тілінің өрнектері. А., 1978;
  • “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” эпосының текстологиясы, А., 1994;
  • Қазақтың ауызекі көркем тілі. А., 1996;
  • Халық әдеби тілін зерттеудің лингвистикалық аспектілері. А., 1997.<ref>Қазақ энциклопедиясы, 4 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Bio-stub