Есенғали Бөкенбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Есенғали Бөкенбаев(1921, Адай уезі Айрантақыр – 2002, Жаңаөзен қаласы) – ақын. Маңғыстауда Қызық мектебі мен Красноводск қаласындағы мектеп-интернатта оқыған. Бөкенбаев Атырау, Маңғыстау, Жаңғақ, Хорезм өңіріндегі қазақ, түрікмен, қарақалпақ ақын, жырауларының өлеңдерін, әсіресе, Абыл мен Махамбет, Қашаған мен Нұрым, Ақтан мен Сәттіғұл жырларын жаттап өсті. Бөкенбаевтың өлең-толғаулары ауданы газеттерде («Майдан ақиқаты», «Жеңіс туы») жарық көрген. Соғыстан кейін Красноводск қаласында шаруашылық жұмыстарында істеп, Қазақстан мен Түрікменстанның мерзімді басылымдарында өлең-толғаулары жарияланып тұрды. Бөкенбаев жырлары арнау түрінде, ата қонысы – Маңғыстау, туысқан Түрікменстан туралы болып келеді. Теңіз дауылында апатқа ұшыраған қазақ, түрікмен балықшылары туралы шығарған «Тоғыз қайық» дастаны ел арасында кең тараған. Бөкенбаев – «Шұғыла» жинағының (1971) авторы. Ақынның көптеген толғаулары жыршы-термешілер репертуарларынан тұрақты орын алған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub