Есенкелді Құдайназарұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есенкелді Құдайназарұлының өмірбаяны

Есенкелді Құдайназарұлы (XVIII ғасыр) Жоңғар шапқыншылығы кезінде ғұмыр кешкен қазақтың белді билерінің бірі. Қазақ шежіресінде Есенкелді бидің арғы тегі Найман Төлегетайдың Матайынан Аталық, Қаптағай, Кенже тарайды. Аталықтан Құттыболат, Сүттіболат, Тәттіболат деген Үшболат ұрпағы шығады.

Есенкелді Құдайназарұлы туралы әңгімелер

Есенкелді Құдайназарұлы туралы әңгіме

Есенкелдінің 14-15 жасар кезі екен. Нағашысы Қайып бидің қасына еріп жүргенде сол Сарыүйсін жұртын бір төре билепті. Бірде төренің қасиетті бозінгені жоғалып кетеді. Күндіз күлкісінен, түнде ұйқысынан айрылады. Ақырында ол жұртқа жар салып:

- Кімде-кім менің бозінгенімді іздеп тауып әкелсе, ат басындай алтын беремін, егер өлді деген хабар әкелсе, оның құлағына ерітіп қорғасын құямын, - дейді.

Жұрт бозінгенді әрі іздейді, бері іздейді. Ақыры жануардың үстінен шығады. Бошалап кеткен інген бір шұқырлау жерге жатып аунаған екен де, сол жерде үйелеп тұра алмай өліп қалыпты.

Түйенің өлгенін төреге қалай да хабарлау керек? Ел осының есебін таба алмай, құлағымызға қорғасын құяды-ау деп қысылады. Сөйтіп тұрғанда Есенкелді бала бозінгеннің өлгенін мен хабарлаймын, - дейді.

Жұрт дабырласып, "Сорлы баланың ажалына көрінген шығар" деп қамығады. Жиеніне сенген Қайып би баланың бетінен қақпайды. Есенкелді бала төренің алдына келіп, бозінген жайынан хабар айтатынын білдереді. Төре: "құлағым сенде!" дейді. Сонда бала:

Бозінген бошалап кеткен екен,
Ойпаң жерге шөккен екен.
Көлбей түсіп жатқан екен,
Жатқан жерде қатқан екен, -

дейді.

- Онда өлді десеңші, - дейді төре. Сонда бала:
- Қайдам, ондай сөзді бірінші рет өз аузыңыздан естіп тұрсын, - депті.

Төре өз сөзінен өзі ұсталып, бала жазадан құтылып кегіпті...

Есенкелді Құдайназарұлы туралы әңгіме

Есенкелді биді қартайғанда ауылдастары "есепші ата" дарекен. Олай атайтын себебі: би ауа райын күн бұрын болжап айта беретін бoпты. Айтқаны дәл шығып, жаңбыр жауады деген күні жаңбыр, қар, жауады деген күні қар жауады екен. Сондай болжамдарының бірқатары мынандай:

Үркер үйден көрінсе,
Үш ай тоқсан қысың бар.
Үркер іңірде жамбасқа келсе,
Жаз шықпағанда несі бар?
Жеті қарақшыны аңғарсаң,
Жеті қараңғы түнде адаспайсын.
Сәуір болмай жауын болмас,
Жауын болмай сауын болмас.
Тышқан көп жылы –
Тоқшылық болар.
Қоян көп жылы -
Жоқшылық болар...

"Жолаушы неше түрлі болады?" дегенге Есенкелді бй мынаны айтады екен:

- Аттылы жолаушы - алғыр жолаушы: барам деген жеріне барады, алам деген жерінен алады.
- Түйелі жолаушы - киелі жолаушы: желіп жүріп жер көреді, келіп жүріп ел көреді. Бұған қоса - жағаласқанды жағасынан алдырмайды; жүгіңді жолда қалдырмайды.
- Өгізді жолаушы - өлі жолаушы: не атқа жете алмайды, не есектен озып кете алмайды.
- Есекті жолаушы - есепті жолаушы.
- Жаяу жолаушы - көңілі қаяу жолаушы... - дер екен.

Есенкелді Құдайназарұлы туралы әңгіме

Есенкелді би алыпсатар саудагерлерді үнемі өткір тілімен, тақпақ сөзімен шенеп отырған. Бір жолы базарды аралап келе жатса, алдынан өзіне таныс саудагер шығыпты да: "Биеке, арзан сатамын, алып калыңыз" деп бір күрең атты көлденең тарта беріпті. Қараса, әлгі күрең Қайып би ауылының бестісі болып шығады. Сонда Есенкелді оған көптің көзінше:

- Саудагерде иман жоқ,
Арын сатады.
Өтірікшіде иман жоқ,
Жанын сатады -

деп мақалдапты да, жүріп кетіпті.<ref>Даланың дара ділмарлары.-Алматы: ЖШС "Қазақстан" баспа үйі", 2001, - 592 бет. ISBN 5-7667-5647</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Есенкелді Құдайназарұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}