Есенгелді Дауытұлы Дүйсенбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Дүйсенбаев Есенгелді Дауытұлы - 1956 жылы 15 қарашада РКФСР Орынбор облысы Домбаровск ауданының Богоявленко ауылында туған. Қазақ.

Әкесі - Дүйсенбаев Дауыт, марқұм. Анасы - Дүйсенбаева Балдай, зейнеткер, сауда саласының қызметкері.

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының оркестрлік факультетін бітірген (1992), мамандануы «саксофон», концерттік орындаушы, оркестрдің солисі.

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1991 жылдан бері - Ғ . Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының директоры - көркемдік жетекшісі.

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимистік».

Үйленген. Жұбайы - Омарова Зәмзагүл, Ғ. Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясында жұмыс істейді. Ұлы - Дүйсенбаев Дастан (2005 ж.т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub