Есенбай Ағелеуов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есенбай Ағелеуов - (22.6.1936, Атырау облысы, Махамбет ауылы - 9.11.1996, Алматы) — ғалым, педагог, биологиялық ғылымының докторы (1984), профессор (1985). Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география факультін (1959), аспирантурасын (1965) бітірген. 1959-62 жылы Орал облысы комсомол комитетінің қызметкері, хатшысы болды. 1965-79 жылы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-географиялық факультінде оқытушы, аға оқытушы, деканның орынбасары, декан, ал 1979-85 ж осы институттың ректоры болып қызмет атқарды. 1985 жылдан әмірінің соңына дейін ҚазПИ-дің (қазіргі Алматы мемлекеттік университеті) ботаника кафедраның меңгерушісі болды. Ағелеуов — шалғынтану мен өсімдіктану, жалпы геоботаника саласында танымал маман ретінде Қазақстан ботаника ғылымының дамуына елеулі үлес қосты. Негізгі ғылыми еңбектері Батыс Қазақстанның флорасы мен шабыңдықтарын зерттеуге арналған. Ол - жалпы саны 120 ғылыми еңбектің авторы, 4 монография және 2 окулық жазған. <ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 ISBN 9965-607-02-8</ref>

Шығармалары

  • Пойменные луга реки Урал, А.-А., 1982;
  • Флора поймы реки Урал, А.-А., 1987.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Есенбай Ағелеуов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}