Есбол Өмірбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Есбол Өмірбаев (1916, Маңғыстау ауданы – 1988) – педагог, өлкетанушы, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Орал мұғалімдер институтын (1940), Атырау педагогикалық институтын (1962) бітірген. Еңбек жолын 16 жасында 3-Интернационал ұжымшарында балықшы болып бастаған. Форт-Шевченко қаласындағы мектептерде оқу ісінің меңгерушісі, директор болып қызмет атқарған. 1962 – 82 ж. Т.Г. Шевченко мұражайының директоры, 1982 – 88 ж. Форт-Шевченкода Маңғыстау этнографиялық музейінің директоры болды. Маңғыстау тарихы жайында газет-журналдарда 100-ден астам мақала, зерттеу еңбектері жарияланды. «Маңғыстау – Атыраудың замандасы», «Революция от-жалынында», «Екі халықтың перзенті» мақалаларының, «Октябрь арайында», «Маңғыстау», «Гүлденді өмір» кітаптарының авторы. «Халық ағарту ісінің үздігі» атағына ие болды. Форт-Шевченко қаласындағы этнографиялық музей Өмірбаев атымен аталады.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Есбол Өмірбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}