Есболат Шарапұлы Нұрманов
Үлгі:Боксшы Есболат Шарапұлы Нұрманов (1970–2023) — кеңестік және қазақ боксшысы, 2-ші жеңіл салмақта КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (1989).
Қазақстанның тұңғыш кәсіпқой боксшысы, 17 жасында бокстан КСРО құрама командасының мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Арал өңірінің тумасы, 1987 жылы Ленин атындағы ҚазПТИ-ның гидрогеология, барлау техникасы факультетінде оқыған. 1990 жылдардың ортасынан кеден қызметінде жұмыс жасады.
Кәсіпқой бокста 7 жекпе-жек өткізген. Ол 1993 жылдың 27 наурызында Украинаның Мариуполь қаласында израильдік боксшыға қарсы алғашқы кездесуін өткізді. Оның соңғы жекпе-жегі 1995 жылдың 9 желтоқсанында литвалық боксшымен болған.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Есболат Шарапұлының жаназасы 5 желтоқсан таңертең Талғар қаласы, Биеке Батыр мешітінде шығарылды.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Алматы облысы, Талғар қаласында жерленді.<ref>Үлгі:Cite web</ref>