Есберген Әбітаев
Үлгі:Кәсіпкер Есберген Әбітайұлы Әбітаев (1 қаңтар 1941 жыл, Көкшетау,<ref>Үлгі:Cite web</ref> Солтүстік Қазақстан облысы) — кеңестік және қазақстандық кәсіпкер, энергетик және саясаткер, Қазақстан Сауда, энергетика және индустрия бірінші вице-министрі (1998–2002), Экономика министрінің орынбасары (1990–1996).
Өмірбаяны
Есберген Әбітаев 1963 жылы Ивановоның энергетика институтын бітірген. 1963–1973 жылдары Алматы ЖЭЦ-де жұмыс істеген. 1973–1979 жылдары «Алматыэнерго» жылу желілері кәсіпорнының бас инженері. 1979–1987 жылдары «Алматыэнергожылукоммунэнерго» кәсіпорнының директоры болған.
1987–1990 жылдары Қазақ КСР тұрмыстық-коммуналдық шаруашылығы Министрінің орынбасары.
1990–1996 жылдары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспары Төрағасының орынбасары, экономика Министрінің орынбасары болған. 1996 жылы «Қазкоммунэнерго» РӨБ бас директорының бірінші орынбасары, «Қазақстанэнергоң Ұлттық энергетикалық жуйесі бас директорының орынбасары болған.
1997 жылы «KEGOC» АҚ (электр желілерін басқару женіндегі ұлттық компания) вице-президенті. 1998–2002 жылдары Қазақстан Сауда, энергетика және индустрия бірінші вице-министрі. 2002 жылдан «KEGOC» ЖАҚ вице-президенті. Ленин, Құрмет ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>Үлгі:Кітап</ref>