Ер Ағыбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ЕР АҒЫБАЙ - 19 ғ-да өмір сүрген Ағыбай батыр туралы жазылған дастан. Ел арасына кең тараган бұл жырда Ағыбайдың сыртқы жауға карсы күресте ерліктері, тапқырлығы, шешендігі жайлы әңгімеленеді. Ылғи жеңіске жетіп, жолы болып жүретіндіктен, халык оны ардактап "Ақжолды", "Ақжолтай", "Ағыбай батыр" деп атаған. Ел арасында Ағыбай туралы аңыз-әңгімелер, өлең-жырлар көп кездеседі. Батыр жөнінде бірнеше жыр нұскалары сакталған. Соның ішінде көркемдігі мен мазмұны жағынан құндысы - халык акыны Ж.Мәдиевтің 1949 ж. Н.Бейсеповтен жазып алған жыры. Бұдан баска Т.Айнатасов, Тәттімбетұлы, М.Жиреншин, Қ. Нұрғалиев, Қ.Қартаңбаевтар жинаған жырлар да бар. Бұл дастандарда ел қорғау жорығына қатысып, ерлік жасаған Ағыбай батырдың бейнесі жырланады. Батыр туралы жырлар Орталық ғылыми кітапхананың колжазба корында сақтаулы.

<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}<

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}