Ерқас Қырымқұлов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Ерқас Қырымқұлов<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref> (1900, Маңғыстау ауданы, Сығынды ауылы– 1957) – атақты атбегі, жүйрік тазы, қыран құс баптаған саяткер. Ұлы Отан соғысының ардагері. «Ерқаскөк» атты сәйгүлігі бәйгенің алдын бермей, талай республикалық жарыстарда Маңғыстаудың атын шығарған. Қырымқұлов «Ерқаскөк», «Таңсықсұр», «Жаңбырбайқұла», «Қибасторы», тағы басқа жүйрік сәйгүліктерді баптаған. Қырымқұлов және оның замандастары матай Бек пен Сейілхан, шомақ Бекбосын, жаңай Иса, жеменей Тұржан, тағы басқа сейістер Маңғыстаудың атбегілік өнерін дамытуға үлкен үлес қосса, олардың өнегесін ізбасарлары Ш.Жүсіпов, М.Сүйіндіков, С.Оразбаев, тағы басқалар жалғастырды.
Дереккөздер
<references/>