Ерқара Балқараұлы Аймағамбетов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Ғалым Ерқара Балқараұлы Аймағанбетов (7 ақпан, 1947 жылы Қарағанды облысы, Тасарал ауданында туған) — экономист ғалым. Экономика ғылымдарының докторы (1990), профессор (1991). Еуразия халықаралық экономика академиясының Академигі (1998). Қарағанды экономика университетінің ректоры (1997 жылдан).
Мазмұны
Толығырақ
- Ерқара Балқараұлы 1947 жылы 7 ақпанда Қарағанды облысы, Тасарал ауданыда туған.
- 1970 жылы Қарағанды кооператив иниститутын бітірген.
- 1975 жылы Шевченко атындағы Киев мемлекеттік иниститутының асперантурасын ерте бітірген. Сол жылы «саяси экономика» тақырыбындағы кандидаттық дисертациясын қорғады.
- Қарағанды кооперативтік институтының ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, аға оқытушы, саяси экономика кафедрасының доценті және т.б лауазымды қызыметтерді атқарды.
- 1989 жылы Шевченко атындағы Киев мемлекеттік иниститутында докторлық диссертациясын қорғады.
- 1991 - 1997 жылдары Қарағанды кооперативтік институты Орталықкомитеттің академиялық мәселелер жөніндегі вице-президенті.
- 1997 жылдан Қарағанды экономика университетінің ректоры лауазымында.
Ғылыми шығармашылығы
- 300-ден астам ғылыми еңбектері, ғылыми және практикалық оқулықтары, 5 (бес) монографияның авторы. Оның жетекшілігімен шетелден жетекші ғалымдар мен ТМД елдерінің қатысуымен бірнеше ірі халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді. Аймағамбетова Eрқараның жетекшілігімен орындалған және 15-тен астам магистратура және 10 докторлық диссертациялар қорғалды.
Қоғамдық белсенділігі
- Қарағанды облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы;
- Қарағанды облысының прокуроры заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі Қоғамдық кеңестің төрағасы;
- Қарағанды облыстық сотының жанындағы Қоғамдық Кеңестің төрағасы; *Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тәртіптік кеңесінің мүшесі;
- «Нұр Отан» жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қ күрес жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі.
Ғылыми атақтары
- Экономика ғылымдарының кандидаты (ғылыми атағы);
- 1989 жылы Экономика ғылымдарының докторы (ғылыми атағы берілді);
- 1990 жылы профессор (ғылыми атағы);
- 1998 жылдан Еуразия халықаралық экономика академиясының Академигі.
Марапаттары
- 1970 жылы «Қажырлы еңбегі үшін Лениннің туғанына 100 жыл» құрмет белгісі (медалі);
- 1984 жылы КСРОның Ерен Еңбегі үшін медалі;
- 2004 жылы тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік марапаты «Құрмет ордені» мен марапатталды.
- 2005 жылы «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» медалі
- 2006 жылы «Қазақстан парламентіне 10 жыл» медалі
- 2006 жылы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы күміс медалі
- 2008 жылы «Астанаға 10 жыл» медалі
- 2009 жылы президент жарлығымен жоғарғы мемлекеттік награда «Парасат ордені» мен марапатталды.
- 2015 жылы «Қазақстан конститутциясына 20 жыл» медалі.
Шығармалары:
- Перенесенная стоимость и ее роль в условиях интенсификации социалистического воспроизводства (1990);
- Структурные сдвиги экономики в условиях интенсификации общественного производства(1991).
Дереккөздер
Үлгі:Дереккөздер {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}