Ерғали Төлесінов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Төлесінов Ерғали (1916, Адай уезі, Жыңғылды ауылы – 2006) – соғыс және еңбек ардагері. Алматы және Гурьевтегі (қазіргі Атырау) оқытушылар даярлайтын қысқа мерзімді курстарда оқыған. Гурьев ауылы шаруашылығы техникумын бітірген (1963). 1930 – 1940 жылдары мектепте мұғалім, ұжымшарда қоймашы, есепші, 1940 – 1942 жылдары әскер қатарында болған. 1942 – 1950 жылдары Маңғыстау ауданы жинақ банкінің меңгерушісі, әскери-соғыс бөлімінің бастығы, жер бөлімінде меңгеруші, 1954 жылдан Ленин ұжымшарының төрағасы, кеңшар директорының орынбасары болған. 3-дәрежелі Даңқ, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Құрмет грамотасымен марапатталған. 1967 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесіне депутат болып сайланған.<ref>«Атырау» энциклопедиясы, Алматы, 2000;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ерғали Төлесінов|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}