Ерғали Сыздықұлы Жүніспеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ерғали Сыздықұлы Жүніспеков 1936 жылы 22 наурызда Қарағанды қаласында туған. Қазақ. №4 кәсіптік-техникалық училищенің бұрғылау факультетін (1958) бұрғылау шебері мамандығы бойынша, С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық Қазақ драма театры жанындағы Театр студиясын (1972) актер мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1954 жылдан - «Советтік Қарағанды» редакциясының корректоры. 1958 жылдан - Қарағанды геологиялық-түсірім іздеу экспедициясында 4-ші разрядты аға бұрғылаушы жұмысшы. 1959 жылдан бері - С. Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық Қазақ драма театрының әртісі. М. Әуэзовтың «Айман-Шолпан», «Бозторғай», «Абай»; Ш. Айтматовтың «Ана - Жер Ана»; Ә. Әбішевтың «Сәкеннің аманаты», С. Жүнісовтың «Жаралы гүлдер», А. Чеховтың «Шағала» спектакльдерінде ойнайды. Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген әртісі (1998). ҚР Президенті сыйлығының лауреаты (2006). «Еңбек ардагері» медалімен (1984), ҚР Мәдениет министрлігінің Құрмет грамотасымен (2002) марапатталған. Діни көзқарасы - мұсылман. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан әлемнің табысты 50 елінің қатарында болады». Хоббиі - спорт. Сүйіп оқитын әдебиеті - детективтік жанр. Үйленген. Жұбайы - Алдажұманова Рауза Тойбөкқызы (1949 жылы туған), Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ инженер-технологы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub