Ерғали Есжанов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Ерғали Есжанов - (1864, Атырау облысы Теңіз ауданы – 1949, сонда) – домбырашы, күйші. Ескіше хат таныған. Түрмеден қашқан Құрманғазыны үйіне үш ай паналатып, одан бірқатар күйлер үйренді. Құрманғазының түрмеде бірге бас сауғалаған досы қалмақ Саранжапты еліне жеткізуге қол ұшын берген. Құрманғазыны М.Бекмұханбетұлымен таныстырып, бостандыққа шығуына көмектескен. Ерғали Маңғыстау өңірінде (1905 – 07) болып, «Маңғыстау» мен «Бозащы» күйлерін шығарған. Күйші мұралары кейінгі ұрпаққа шәкірттері (Ғ.Қайрошев, Ә.Бекешов) арқылы жетті. <ref>«Қазақ Совет энциклопедиясы» (12 томдық), Алматы, 1972 – 1978; </ref> <ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub