Ерғазы Рахымов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рахымов Ерғазы (1938-1994) 10 қазанда Қытай Халық Республикасының Дүрболжын ауданы, Көзім-су ауылында дүниеге келген. 1973 жылы Алматыда Абай атындағы педагогикалық инсти-туттың филология факультетін бітірген.

Ұзақ жылдар бойы Аягөз аудандық Мәдениет үйінде автоклуб меңгерушісі, Аягөз аудандық «Алға» газетінде бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген.

Алғашқы өлеңдері мен көркем очерктері аудан, облыстық газеттерде жарияланып, оқырман қауымды тілінің шүрайлылығымен, ойларының жаңашылдығымен елең еткізді. Оның «Өкпеті өрендері», «Мүңсызбайдың мүрагерлері», «Сүрі қар», «Тентеккелін», «Терісайры» әңгімелер мен повестер жинақтары, «Зейнелкүйі», «Жырлайдыжүрек», «Ымырт пен қобыз» атты кітаптары жарық көрген.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық – Алматы: “Ан Арыс” баспасы, 2009 жыл – 480 бет. ISBN 978-601-7130-43-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub