Ертіс-Қарағанды каналы. Инженерлік географиялық жағдайлары (монография)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ертіс-Қарағанды каналы. Инженерлік географиялық жағдайларыАлматыдағы «Ғылым» баспасынан 1965 жылы орыс тілінде жарық көрген монография. Бас редакторы - академик Қаныш Сәтбаев. Редакциялық алқа: Г.Ц.Медоев (жауапты редактор), В.П.Бочкарев, Н.М.Владимиров, В.И. Дмитровский, Н.Ф.Колотилин, С.М.Мұхамеджанов, А.М.Садықов, И.С.Семенов. Кіріспеден, 6 тараудан тұрады. Соңында әдебиеттер тізімі берілген. Еңбек Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының С.Я.Жук атындағы Бүкілодақтық ғылыми-зерттеу «Гидропроект» институты және Қазақ гидрогеология тресімен бірлесе 1959-60 жылы «Ертіс-Қарағанды каналы» бойынша жүргізілген кешенді инженер-геологиялық зерттеулерінің ғылыми талдап қорытылған нәтижесі болып табылады.

Мұнда канал жолының геологиялық-құрылымдық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық, инженер-геология жағдайларына және уақытша сумен қамтамасыз ету мәселесіне тоқталған, сондай-ақ құрылыс материалдары, кен орындарына сипаттама берілген. Кітап инженер-техника және ғылым қызметкерлерге арналған. Көлемі 15 баспа табақ. Таралымы 1050 дана.<ref>Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ертіс-Қарағанды каналы. Инженерлік географиялық жағдайлары (монография)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}