Ерсұлтан Өтеғұлұлы Бектұрғанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ерсұлтан Өтеғұлұлы Бектұрғанов - 1952 жылы 21 маусымда ҚҚАКСР-інің Тақтакөпір кентінде туған. Қазақ.

Әкесі - Бектұрғанов Өтеғұл, марқұм, партиялық кеңес органдарында және шаруашылық құрылымдарда қызмет еткен. Анасы - Бектұрғанова Перуза, марқұм, үй шаруасымен айналысқан, ардақты-ана.

Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібінің технологиялық институтын (1976) инженер-тамақ өндірісінің механигі мамандығы бойынша; Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Дипломатиялық академиясын (2004) халықаралық қатынастар саласының маманы мамандығы бойынша бітірген.

«Нұр Отан» ХДП мүшесі.

1976 жылдан - Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының оқытушысы. 1979 жылдан -Жамбыл электр желілері кәсіпорнының аға инженері, қызмет бастығы. 1984 жылдан - Талдықорған облысы Қапал аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, партия комиссиясының төрағасы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі. 1990 жылдан - Талдықорған облыстық партия комитетінің ұйымдастыру-партия және кадрлармен жұмыс бөлімініңжауапты ұйымдастырушысы. 1991 жылдан-Талдықорған облыстық Халық депутаттары кеңесінің аппарат жетекшісі, Талдықорған облыстық әкімшілік басшысы аппаратының жетекшісі. 1992 жылдан - Талдықорған облысы бойынша ҚР Монополияға қарсы күрес комитетінің төрағасы. 1993 жылдан - ҚР СІМ екінші хатшысы, ГФР- дағы ҚР Елшілігінің үшінші , екінші, бірінші хатшысы -Консулдық бөлімнің меңгерушісі. 1995 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының көмекшісі , 1996 жылдан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадрлық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының кадрлық саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, ҚР Президенті Кеңсесі бастығының орынбасары.

2008 жылдың қазан айынан бері - ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет және кадрлық саясат бөлімінің меңгерушісі.

2012 жылғы қаңтардан бастап - бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Ардагер» қоғамдық волейбол клубының мүшесі. «Құрмет» орденімен (2008); 4 медальмен, оның ішінм «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2003) марапатталған Қазақстанның Құрметті спорт қайраткері. Дипломатиялық мәртебесі - 1-ші сыныпты кеңесші

Хоббиі - спорт.

Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет.

Үйленген. Жұбайы- Бектүрғанова Гүлнәр Жасболатқызы Қызы - Жанар; ұлы - Дәурен. Немерелері - Айгүл, Жанболат, Махмүт, Сүрия, Сүлейман.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Сілтемелер

Мәжілістің құрамы мен құрылымы, БЕКТҰРҒАНОВ Ерсұлтан Өтеғұлұлы

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}