Ерсінбек Қойбағарұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ерсінбек Қойбағарұлы - 1946 жылы 23 сәуірде Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданы, Көмешбұлақ ауылдық әкімшілігіне қарасты Құрлық ауылында дүниеге келген. 1969 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының педиатрия факультетін тамамдаған. Еңбек жолын 1968 жылы қалалық жедел жәрдем стансасында дәрігерлік қызметтен бастаған. 1969 жылы Сайрам аудандық орталық ауруханада педиатр, 1970 жылдан осы аурухананың балалар бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқара жүріп, әңгіме, сатира жанрларына қалам тартып, туындылары газет-журналдарда жиі көріне бастаған. 1972-1974 жылдары Карель АССР-інде әскери дәрігерлік қызмет атқарған. 1975—1983 жылдары Сайрам аудандық ауруханасының балалар бөлімшесінің меңгерушісі, 1984 жылдан «Манкент» санаторийінде терапевт-курортолог, медпсихолог, психотерапевт, республикалық «Денсаулық», халықаралық «Дала» журналдарының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша меншікті тілшісі болып қызмет еткен. Әскерилер өмірінен «Қараша», «Терістік шүғыласы», «Доктор Арсений» атты повестер, басқа да көптеген әңгімелер жазған. Әңгімелері «Арман қанатында», «Қисық шеге», «Күлеміз бе, қайтеміз?», «Қанат қақты» атты ұжымдық жинақтарда жарияланған. Оннан аса өлеңдеріне белгілі композиторлар ән жазған. «Қасірет қақпаны» трагедиясы облыстық Ш.Қаддаяқов атындағы филармонияда, «Бала мен қайыршы» пьесасы облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрында, Жетісай, Тараз театрларында, «Аңқаудан алданган айлакер», Костинскиден аударған «Тосын сый» облыстық қуыршақ театрында, «Тырна үлпалары» облыстық Ж.Шанин атындағы қазақ драма театрында қойылған. «Қызғалдақты жұлмаңдар» пьесасы 2008 жылы «Қазіргі пьеса» атты республикалық конкурста ІІІ орынды иеленген.

Әңгімелері мен хикаяттары орыс, өзбек, түрік, қарақалпақ тілдеріне аударылған. «Қанат қақты», «Шабыт шашуы» атты топтамаларды құрастырған.

Облыстық комсомол комитетінің, ҚР Мәдениет комитетінің Құрмет грамоталарымен, Елбасының Алғыс хатымен марапатталған. Облыс әкімінің екі мәрте стипендияты. А.Фадеев атындағы Халықаралық әдеби сыйлықтың лауреаты, А.Фадеев атындағы Алтын медальдің иегері. Ресей әскери-теңіз флотының, Мәскеудегі Словецк мектебінің «Адмирал Рахимов» төс белгісімен марапатталған.

1996 жылдан Сайрам ауданының Құрметті азаматы. Мәскеудегі Халықаралық Жазушылар одақтары Қауымдастығының мүшесі. <ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Шығармалары

  • Қараша. Повестер мен әңгімелер. А., «Жалын», 1984;
  • Мың бірінші құпия. Сатиралық әңгімелер. «Шымған», 1994;
  • Махаббатым менің - ғайып еренім. Повестер мен әңгімелер. «Шымған», 1995;
  • Терістік шұғыл асы. Повестер мен әңгімелер. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы», 1996;
  • Бала мен қайыршы. Повестер мен әңгімелер. «Дала», 2001;
  • Мен күткен қыз. Повестер мен әңгімелер. «Нұрлы әлем», 2005;
  • Таңдамалы шығармалардың ІІ том-дығы. «Ордабасы», 2006;
  • Ешлигим, бебошлигим. Повестер мен әңгімелер. «Ташкент», 2006;
  • Адам асырайтуған арза. Әңгімелер. «Нөкіс», 2007.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}