Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Ермұхамет Қабиденұлы Ертісбаев (19 қазан 1956, Қарағанды) — қазақстандық саясаткер, дипломат, саясаттанушы, 2022–2026 жылдары ҚХП төрағасы. Бұдан бұрын ол Қазақстанның Беларусьтегі (2017–2019) және Грузиядағы (2013–2017) елшісі болған.

Қысқаша өмірбаяны

1956 ж. қарашаның 19-ында туған. Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан. <ref>Үлгі:Кітап</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор. Ағылшын тілін меңгерген.

Жұмыс тәжірибесін 1978 жылы Жезқазған педагогикалық институтының ассистенті болып бастаған. Кеңес Әскері қатарында әскери қызмет өтеген. Ломоносов атындағы ММУ-де машықтанушы-оқытушы болып қызмет атқарған, сонда аспирантураны бітіріп, диссертация қорғаған. Саясат тарихы кафедрасының меңгерушісі болған. Бірнеше монографиялар мен жүздеген ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы.

1990—1994 жылдары Республика Жоғары Кеңесінің депутаты болды.

1994—1998 жылдары Қазақстанның Социалистік партиясы саяси атқару комитетінің хатшысы болып сайланды.

1994–1998 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі

1998—2002 жылдары Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.

2000 жылы Мемлекет басшысы Әкімшілігінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеді.

2002 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2006 жылы қаңтар айынан бастап ҚР Мәдениет, ақпарат және спорт министрі.

2006—2008 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат министрі.

2008 жылы мамыр айынан 2013 жылға дейін Қазақстан Президентінің кеңесшісі.

2013 жылдың 3-ші сәуірі мен 2017 жыл, қарашаның 24-і аралығында Ертісбаев Қазақстанның Грузиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болған.

24 қараша 2017 — 12 тамыз 2019 жылдары аралығында Қазақстанның Беларусьтағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2019 жылы өзінің дипломатиялық жұмысын аяқтады.

2022 жылы 18 наурыз күні Ертісбаевтың Қазақстан халық партиясы құрамына кіргені белгілі болды. 28 наурыз күні партия Ермұхамет Ертісбаевты партия төрағасы қылып сайлады.<ref>Ермұхамет Ертісбаев партия төрағасы болып сайланды</ref> 2026 жылғы 27 маусымда ол партия басшылығынан кетті.<ref>Ермұхамет Ертісбаев Қазақстан Халық партиясының төрағасы қызметінен кетті</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сілтемелер