Ермек Шадиярұлы Бекбатыров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бекбатыров Ермек Шадиярұлы (1936-1996) – Шыгыс Қазақстан облысы, Зайсан қаласында туған.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім баспасы". 2005 ж. - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

1953 жылы Талдықорган облысындағы Үштөбе қаласының №15 орта мектебін аяқтады. Сол жылы Мәскеу полиграфия институтына оқуға түседі. Институтта оқи жүріп "Правда", "Красный пролетарий" сияқты Мәскеулік баспаханаларда тәжірибе өткен Е.Ш.Бекбатыров полиграфиялық құрал-жабдықтарды жетілдіру жолында біршама рационализаторлық ұсыныстар енгізді.

1958 жылы институт бітіргеннен кейін Алматы қаласындағы Полиграф комбинатқа инженер-механик ретінде жолдама алды. Осылайша оның баспагерлік еңбек жолы басталды.

Небәрі 2 жыл жұмыс істеп, 1960 жылы Полиграфкомбинаттың бас механигі болып тағайындалды. Ал 1965 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің республикадағы ең ірі газет-журнал баспасына механик болды.

1970 жылы Алматы қаласындағы №2 баспаханаға аға конструктор, ал 1971 жыл осы баспахананың бас инженері болып тағайындалды.

70жылдардың басында республи кадағы ең ірі полиграфиялық мекеме –"Кітап" фабрикасының қурылысы басталды. Қурылыс аяқталғаннан ке йін, ең уздік Республикалық өндірістік бірлестік "Кітап" құрылды. Оның қүрамына "Кітап" фабрикасы, Поли графкомбинат, Жедел басу типографиясы және мектеп дәптерлерінің типографиясы кірді. Бірлестік директоры болып, аты аңызға айналған баспагер, басшылық кадр тандау ісін өзіне сеніп тапсырған С.О.Төлешев сайланды. Сатымбек Омарулы бірлестіктің бас инженері етіп болашағынан үлкен үміт куттірген Е.Ш.Бекбатыровты алды. Бекбатыров Е.Ш. оның үмітін актап, үш жылдан кейін "Кітап" РӨБ бас директорының орынбасары, ал 1977 жылдан бас директоры болды.

Үздік өндірістік көрсеткіштері үшін Қызыл Ту орденімен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталды.

1984 жылы 25 желтоқсанда ҚазКСР Мемлекеттік Баспа комитетінің ұйғарымымен Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің баспасына директор болып ауыстырылды. Осында 1991 жылға дейін еңбек етті.

Е.Ш.Бекбатыров 1977 жылы Марксизмленинизм университетін бітірді. Рационалдық ұсыныстары үшін бір неше мәрте дипломдармен марапатталған.

1991 жылы Мембаспакомның қайта құрылуына байланысты "Кітап" фабрикасының бас инженері қызметіне ауыстырылды, кейін "Экономика" баспасының директоры болып істеді.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}