Ермек Жеңісұлы Әбиев
Ермек Жеңісұлы Әбиев (1.6.1960, Алматы - 13.7.1985, Пушкинские Горы қаласы қазіргі Санкт-Петербург қаласының маңы) - суретші. Ленинград облысы Павловск қаласындағы политехникумның көркемдік-безендіру бөлімін бітірген (1982). 1982 - 1983 Алматы қаласындағы Мемлекеттік мұражайда көркемдеуші-суретші болып жұмыс істеді. 1983 -85 ж. Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтының кескіндеме факультетінде оқыған; Осы жылдары Әбиев 200-ден аса әр алуан тақырыпта суреттер ("Жайлауда", "Қарт күйші", "Дастархан", "Орыс жерінде", "Менің құрдастарым", "Святогорск монастыры", "Шаруа қүрқесі", "Әйел портреті", "Өзен", "Ялта шатырлары", "Қоштасу", "Өмір қуанышы", "Қырық өтірік", "Шоқан асқан", "Толғаныс" т.б.; Қазақстан Мемлекеттік мұражайында сақтаулы) саяды. Қазақстан Комсомол сыйлық лауреты (1990ж.қайтыс болғаннан кейін берілді).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify