Ермек Бектасұлы Шынарбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Ермек Бектасұлы Шынарбаев (24.01.1953 жылы туған, Алматы) - кинорежиссер, Қазақстанның еңбегі сіңген кайраткері (1996).

Әкесі - Шынарбаев Бектас (1906-1983). Анасы - Ұсманова Күзи (1921 жылы туған).

  • Бүкілодақтық кинематография институтын актерлік (1974), режиссерлік (1982) бөлімдерін бітірген.
  • 1974 - 1977 жылдары "Қазақфильм" кино-студиясында актер болды.
  • 1981 жылы алғашқы қысқаметражды "Қаралы сұлу" көркем фильмін түсіріп, ол "Бастау" республикалық бәйгесінде Бірінші жүлдені иеленеді.
  • 90-жылдары Шынарбаев "Қазақфильм" киностудиясының "Әлем" шығармалық-бірлестігінің көркемдік жетекшісі болды.

Қазақ, орыс, ағылшын және француз тілдерін біледі.

«Әпкем менің Люся» (1985), «Орманнан алаңға шығу» (1987), «Кек» (1989), «Сұр үш сайлы баскиімдегі орын» (1992), «Нәзік жүрек» (1993), «Періштеге жазылған хаттар» (2009) және көптеген тағы басқа көркем фильмдердің; 20-ға жуық деректі фильмнің, оның ішінде «Рояль жанындағы монологтар», «Дуэт», «Прованс күнделігінен» фильмдерінің режиссері. Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі (1986 жылдан). «Жігер» шығармашылық жастар байқауының лауреаты (1983). «Орманнан алаңға шығу» кинофильмі үшін Халықаралық кино байқауындағы (Амьен қаласы, Франция, 1987) сыйлықтың, А. Ланглуа атындағы Халықаралық кино байқауындағы (Тур қаласы, Франция, 1992) Халықаралық мәдениет, өнер мен киноның дамуына көмек көрсету ұйымы СИДАЛК сыйлығының, Халықаралық кино байқауындағы «Алтын қабылан» сыйлығының (Локарно қаласы, Швейцария, 1993) және тағы басқа жүлделердің иегері.

Қазақстанның Еңбек сіңірген өнер қайраткері.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Ш.М.П. Талейран.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанның тәуелсіздігі сақталған жағдайда - мәдениеттің гүлденуі».

Хоббиі - жұмыс, кино.

Сүйіп оқитын әдебиеті - орыс классикалық әдебиеті және поэзиясы, қазіргі заманғы француз романы. Бойдақ.<ref name="ReferenceA">Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Жетістіктері

Ол "Сестра моя Люся" (1985), "Выйти из леса на поляну" (1987), "Кек" (1989), "Сұрқай үшбұрыштағы орын" (1993), т.б. көркем фильмдерді, "Мәжит Бегалин" (Оразбаевпен бірге, 1982), "Жаңа толқын" (1985), "Дуэт" (С.Әзімовпен бірге, 1997), т.б. деректі фильмдерді түсірді. Оның фильмдері Халықаралық кинофестивальдардың жеңімпаздары.<ref name="ReferenceA"/><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}