Ермахан Әбдіраман

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ермахан Әбдіраман (29.1. 1966. Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы) - журналист, сықақшы. <ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. ҚазҰУ-ді бітірген (1993). 1986-88 жылдары Түркістан қаласындағы "Қайта қалпына келтіру" шеберханасында жұмысшы, 1991-92 жылдары "Қазақ университеті" (қазіргі "Санат") баспасында редактор, 1993 жылы "Түркістан" газетінің мәдениет бөлімінің меңгерушісі, Түркістан қалалық әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің бас маманы, 1995 жылы "Түркістан тынысы" телеарнасының директоры, 1995-96 жылдары "Тұран" телеарнасында редактор-режиссер.

1996-99 жылдары Түркістан қалалық мәдениет бөлімінде режиссер-сценарист болды. 1999-2006 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ- дің журналистика факультетінде дәріс берді. 2000-2001 жылдары "Бикеш" республикалық қыз-келіншектерге арналған газеттің бас редакторы, 2004 жылы "Айқын" газетінің тілшісі, 2006 жылы "Дала мен қала" газеті бас редакторының орынбасары, сол жылы "50-де 50" газетінің бас редакторы, 2007-2009 жылдары "Айқын" газетінің жауапты хатшысы.

Қазір "Айқын" газеті бас редакторының орынбасары. Сол жылдары "Қазақстан" ұлттық телеарнасында қайта ашылған "Қымызхана" әзіл-оспақ отауының сценарийлерін жазды. "Ауыз тие отырыңыз" (1997), "Бір түрлі кітап" атты сатиралық шығармалары (2002), "Қазіргі Қазақ сатирасы" атты көмекші оқу құралы (2003), сондай-ақ оның құрастыруымен "Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңнды қыл" атты той кітабы жарық көрді. Балғабек Қыдырбекұлы атындағы сыйлықтың тұңғыш иегері.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}