Ерлік Борисұлы Жанділдин
Ерлік Борисұлы Жанділдин - 1964 жылы 10 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданының Молодежное ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Жанділдин Борис Үсенұлы (1941-1994). Анасы - Жанділдина Рабиға Нүкөтайқызы (1944 жылы туған), зейнеткер, қызметші болған.
Хронологиясы
- Қазақ ауыл шаруашылығы институтын (1989) ғалым-агроном мамандығы бойынша;
- Қазақ мемлекеттік заң академиясын (2000) заңгер мамандығы бойынша бітірген.
- Қазақ, орыс, неміс және түрік тілдерін біледі.
- 1988 жылдан - Қазақ ауыл шаруашылығы институтының комсомол комитетінің хатшысы,
- 1990 жылдан - ауыл шаруашылығы өндірісін ұйымдастыру және жоспарлау кафедрасының ассистенті.
- 1994 жылдан - «Адина» ШК экономикалық мәселелер жөніндегі директорының орынбасары (Шымкент қаласы).
- 1995 жылдың наурызынан - ОҚО бойынша ҚР Қаржы министрлігі Кеден басқармасының инспекторы.
- 1995 жылдың қазанынан - Шымкент қаласы экспорттық-импорттық операцияларды бақылау бөлімінің аға инспекторы,
- 1996 жылдан - инспекторы.
- 1997 жылдың наурызынан - «Кади Заде ЛТД К» түрік-өзбек-қазақ БК бас менеджері (Алматы қаласы).
- 1997 жылдың қыркүйегінен - ҚР Мемлекеттік кеден комитеті ОҚО бойынша Кеден басқармасының бас инспекторы (Шымкент қаласы).
- 1998 жылдан - Шымкент стансасындағы Кеден бекетінің бастығы.
- 2003 жылдан - «Арыстан бап ЛТД» ЖШС директоры (Алматы қаласы).
- 2007 жылдан - «Оңтүстік Қазақстан құқық және салалық технологиялар колледжі» МҚК директорының шаруашылық жөніндегі орынбасары (Шымкент қаласы).
- 2008 жылдан - «СҚО Тимирязев ауданы Целина селолық округі әкімінің аппараты» МБ іс қағаздары өндірісі жөніндегі бас маманы.
- 2009 жылдың ақпанынан - СҚО Тимирязев ауданы әкімі аппаратының жетекшісі.
- 2009 жылдың наурызынан бері - Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі саясат басқармасының бастығы.
Әскери атағы - лейтенант. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Дамыған, демократиялық мемлекет». Хоббиі - спорт, саятшылықаласы Сүйіп оқитын әдебиеті - А. Құнанбаев, М. Жұмабаев, Ш. Айтматов, У. Шекспир, А. Дюма. Үйленген. Жұбайы - Рысбаева Фарида Исамуддинқызы (1968 жылы туған). Үлдары - Жанділдин Данияр Ерлікұлы (1985 жылы туған), Жанділдин Ербол Ерлікұлы (1995 жылы туған); қыздары - Жанділдина Диана Ерлікқызы (1992 жылы туған), Жанділдина Айсұлу Ерлікқызы (2007 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>