Еркін Қапсәлемұлы Жұланов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еркін Қапсәлемұлы Жұланов - 1962 жылы 5 тамызда Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Есіл ауылында туған. Қазақ. Әкесі - Жұланов Қапсәләм Қожахмөтұлы (1923-2010). Анасы -Жұланова Гүлбаршын Мұқанқызы (1927-1996).

Хронологиясы

  • Қарағанды мемлекеттік университетін (1986) «Қаржы және несие» мамандығы бойынша;
  • Мәскеудің қаржы институтын (1990) салықтық жұмыстарды ұйымдастырушы мамандығы бойынша бітірген.
  • Қазақ және орыс тілдерін біледі.
  • 1979 жылдан - Қарағанды қалалық ІІБ ММПБ 2-ші разрядты электр монтері.
  • 1980 жылдан - Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті.
  • 1986 жылдан - мемлекеттік кірістерді өсепке алу жөніндегі экономист, қаржылық штаттар тәртібі бойынша аға салық ревизор- инспекторы (Петропавл қ.).
  • 1988 жылдан - Петропавл қалалық қаржы бөлімінің аға салық ревизор-инспекторы.
  • 1990 жылдан - Петропавл қаласы бойынша Мемлекеттік салық инспекциясының бас мемлекеттік салық инспекторы, ұжымдық және жеке кәсіпорындардан түскен салық кірістері бөлімінің бастығы.
  • 1993 жылдан - Петропавл қаласы Мемлекеттік қаржылық бақылау комитеті шағын кәсіпорындарды тексеру бөлімінің аға бақылаушы-ревизоры.
  • 1995 жылдан - «Жұланов Е.Қ.» ЖК директоры (Петропавл қ.).
  • 2002 жылдың наурызынан - «Петропавл қаласы жергілікті салықтарды жинау басқармасы» МБ бастығы.
  • 2002 жылдың қазанынан - СҚО әкімдігінің жергілікті салық жинау басқармасының бастығы.
  • 2009 жылдың қаңтарынан бері - Солтүстік Қазақстан облысы Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының бастығы.

Жетістіктері

«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен (2005), СҚО әкімінің Құрмет грамотасымен (2007) марапатталған. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - «[[Жоғары білімді, мақсаты айқын, өмірлік және кәсіби тәжірибесі мол, стратегиялық мәселелерді алға қоя білу және оларды шеше білуге қабілетті тұлға]]». Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «[[Қазақстан үшін стратегиялық мәселе - таяудағы 10 жыл ішінде аймақтық және жаһандық экономиканың басымдықтарын пайдалану негізінде Қазақстанды ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру арқылы халықаралық нарыққа шығарып, бәсекеге қабілөтті 50 елдің қатарына қосылу]]». Хоббиі - спортпен айналысу, бильярд. Сүйіп оқитын әдебиеті - классикалық әдебиет. Үйленген. Жұбайы - Жұланова Салтанат Ақатқызы (1964 жылы туған). ¥лы -Жұланов Ердәулет Еркінұлы (1989 жылы туған); қызы - Жұланова Меруерт Еркінқызы (1997 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub