Еркін Олегұлы Тапалов
Үлгі:Футболшы Еркін Олегұлы Тапалов (3 қыркүйек 1993, Каменка, Тасқала ауданы, Батыс Қазақстан облысы) — қазақстандық футболшы, "Қайрат ФК" клубы мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы.
Байұлы тайпасы Шеркеш руынан шыққан.<ref>Үлгі:Cite web</ref>
Мазмұны
Мансабы
Ақжайық
2011-18 жылдары "Ақжайық" сапында ойнады. Клубтағы тұңғыш ойынын 2011 жылы 13 сәуір күні "Ақтөбеге" қарсы өткізіп, негізгі құрамда алаңға шықты да, 67-минутта алмастырылды. Тұңғыш голын 2013 жылы 2 қараша күні "Атырау" қақпасына енгізді (3:0).
Жетісу
2019 жылғы Қазақстан чемпионаты басталардан алдын "Жетісуға" ауысты.
Ұлттық құрамада
2019 жылы 21 ақпан күні тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында алаңға шықты. Ол Антальяда өткен Молдова құрамасына қарсы бейресми жолдастық кездесу болатын. Бұл ойында құрама 1:0 есебімен жеңіске жетті.
Жетістіктері
Тобыл
- Қазақстан суперкубогы; 2024
Қайрат
- Қазақстан суперкубогы; 2025
- Қазақстан чемпионы: 2025