Еркін Ибрагимұлы Нұразхан
Еркін Ибрагимұлы Нұразхан (17.01.1953 жыл, Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңғызтал ауылы) - қазақ бейнелеу өнерінде карикатура, шарж (достық әзілді портрет) жанрының қалыптасып, дамуына өзіндік қолтаңбасын қосқан, бүгінде танымал көшбасшысы саналатын белгілі суретші.1982 жылдан бері әдебиет, өнер, қоғам қайраткерлерінің әзіл портреттер галереясын жасап келеді. Ол еліміз тәуелсіздік алған жылдар ішінде қоғамдағы келеңсіз құбылыстарды сынға алған сатиралық суреттер топтамасын дүниеге әкелді. Сондай-ақ, елдің әлеуметтік тұрмысына, мәдениеті мен өнеріне арнаған мақалалары, Халық Қаhарманы Қасым Қайсеновке қатысты деректі жазбалары қаламгерлік қарымын танытқан еді.
Мазмұны
Білімі
- Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген.
- Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтының көркемсурет факультетін бітірген (1986), сахнаның суретші-технологы.
Қызмет жолы
- 1983 жылдан - «Балдырған» журналының көркем редакторы.
- 1991-1992 жылдары - «АлмаСТ» қазақ-түрік бірлескен кәсіпорынының бас суретшісі.
- 1993-2000 «Түркістан» газет-апталығының суретшісі, тілшісі, бөлім меңгерушісі.
- 2000-2006 жылдары Қазақстанның Халық Қаһарманы, жазушы Қасым Қайсеновтың жеке хатшысы қызметін атқарды.
- 2002-2005 жылдары - «Өнер» баспасының бас редакторы.
- 2006-2008 жылдары - Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының бөлім меңгерушісі
- 2008-2015 жылдары ҚР Мемлекеттік Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайының директордың орынбасары болды.
- 2015-2026 жылдары Ә. Қастеев мұрасын зерттеу секторының жетекшісі.
Шығармашылығы
1982 жылдан бастап әдебиет, өнер және қоғам қайраткерлерінің әзіл портреттер галереясын жасап келеді. Тәуелсіздік жылдарында қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді қозғайтын сатиралық суреттер топтамасын жариялады. Қаламгер ретінде мәдениет пен өнер тақырыбында мақалалар жазып, Қасым Қайсенов туралы деректі жазбалар жариялады.
- «Кімге күлеміз?» сатиралық суреттердің, «Қабанбай батыр», «Қасым Қайсенов», «Оралхан Бөкеев» кескіндемелік портреттердің және т.б. жұмыстардың авторы.
- Өскемен (2004, 2010), Семей (2005) қалаларында, Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында (2005) жеке көрмелерін өткізген; Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері мен оқытушылары республикалық көрмесінің (2008), «Арт-үдеріс» (2009), «Көктемгі экзерсистер» (2009) республикалық көрмелерінінің қатысушысы; «Ұлт және руханият» (2003) мақалалар жинағының авторы.
- Жұмыстары Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында, Шығыс Қазақстан этнографиялық мұражайында (Өскемен), Невзоровтар әулеті атындағы Шығыс Қазақстан бейнелеу өнері мұражайында (Семей), Тарбағатай аудандық тарихи мұражайында (Ақсуат ауылы), О. Бөкеевтің әдеби-мемориалдық мұражайында (Шаңғыстай ауылы) сақталуда.
- 2019 ж. шілде-тамызда Астана қ. ҚР Ұлттық музейінде «Шарайна» атты көрмесін өткізіп, 105 жұмысын музей қорына сыйлады.
- 2020 ж. ақпан-наурыз айында Алматы қ. ҚР Орталық музейінде «Шарайна» көрмесін өткізіп, 534 туындысын осы музей қорына табыстады.
- 2023 жылы қаңтар айында ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 70 жасқа толуына орай Алматыдағы Орталық мемлекеттік музейде «Карикатура тарланы» атты көрмесі көрерменге ұсынылды.
Кітаптары
- «Ұлт пен Рух» — мақалалар жинағы (2003)
- «Кімге күлеміз?» — сатиралық суреттер альбомы (2005)
- «Ерліктің ерен тұлғасы» (2013)
- «Өз елім менің – өзегім менің» мақалалар жинағы – (2013)
- «Шарж шеруі» — сатиралық суреттер альбомы (2013)
- «Шарайна» — сатиралық суреттер альбомы (2019)
- «Қаһарман ҚАСЫМ» — деректі-әдеби жазбалары кітабы (2023)
Қоғамдық қызметі
- ҚР Журналистер одағының мүшесі (1985 жылдан).
- ҚР Суретшілер одағының мүшесі (2002 жылдан).
- ҚР Жазушылар одағының мүшесі. (2019 жылдан)
Марапаттары
- «Мәдениет қайраткері» төсбелгісі (2004)
- «Ерен еңбегі үшін» медалі (2012)
- Қоғамдық «Қасым Қайсенов» ордені (2018)
- ҚР Суретшілер одағының «Бейнелеу өнеріне сіңірген еңбегі үшін» медалі (2023)
- ҚР Көркемсурет академиясының арнайы дипломы мен медальдары
- «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы (20 қазан 2023)
Отбасы
- Әкесі - Нұразханов Ибрагим (1908-1993), Сталин атындағы ұжымшардың, Комсомолдық ауыл кеңесінің төрағасы болған. Анасы - Бақатқызы Бежхан (1915-1980), үй шаруасымен айналысқан.
- Үйленген. Жұбайы - Мейрашева Нұркамал Анашбайқызы (1958 жылы туған), ҚР Ұлттық кітапханасында 40 жылдан астам жұмыс істеген (Алматы қаласы).
- Қызы - Нұразхан Айман Еркінқызы (1981 жылы туған), кинотанушы;
- ұлдары - Нұразхан Ерсайын Еркінұлы (1983 жылы туған), заңгер. Ернұр Еркінұлы Нұразхан (1987 жылы туған), жеке кәсіпкер<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>.
Дереккөздер
<references/>
- Ақаулы файлдық сілтемелері бар беттер
- 17 қаңтарда туғандар
- 1953 жылы туғандар
- Тарбағатай ауданында туғандар
- Қазақстан суретшілері
- Қазақстан журналистері
- Қазақстан мәдениет қайраткерлері
- Ерен еңбегі үшін медалінің (Қазақстан) иегерлері
- Алматы сәндік және қолданбалы өнер колледжі түлектері
- Қазақ ұлттық өнер академиясы түлектері
- Қазақстан редакторлары
- Балдырған журналы қызметкерлері
- Түркістан газеті қызметкерлері
- Қазақстан журналистер одағы мүшелері
- Қазақстан суретшілер одағы мүшелері