Еркін Жаппасұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еркін Жаппасұлы - 1954 жылы 6 маусымда Семей облысы, Ақсуат ауданы «Екпін» ауылында туған.

  • 1971 жылы Ақсуат қазақ орта мектебін бітірген.
  • 19711973 жылдары Ақсуат аудандық Пионерлер үйінің директоры қызметін атқарған.
  • 1975 жылы Отан алдындағы азаматтық борышын өтеп оралған соң аудандық музыка мектебінде ұстаз болған. Мектеп қабырғасында жүріп музыка мектебін қоса тамамдаған.
  • 1982 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.

Шығармашылығы

«Қазақстан пионері» («Клан») газетінде, республикалық «Қазақкітап» кітап саудасы бірлестігінің насихат редакциясында еңбек еткен, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызметті тілші болып бастаған. Қазір «Қазақ әдебиеті» газеті Бас редакторының орынбасары.

Алғашқы сықақ шығармалары 1967 жылдан бастап облыстық «Семей таңы», «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Қазақстан пионері» газеттерінде, «Ара-Шмель» және «Жүлдыз», «Жалын» жур-налдарында жарияланған.

«Кімге күлкі, кімге түрпі?», «Ой, қытығым келеді...», атты т.б. сатиралық кітаптары жарық көрген. 2003 жылы «Қымсынбашы, қылықтым» атты кітабы үшін Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы берілді. 2008 жылы «Жазушы» баспасынан «Мыңқетпес мыңқ етер емес» әзіл-сықақ әңгімелер жинағы жарық көрген. Шығармалары орыс, қытай тілдеріне аударылған.

«Қазақстан», «Хабар» арналарының әзіл-сықақ хабарларының, «Тамаша» ойын-сауық отауының түрақты авторы.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}