Ержан Хозеұлы Қазыхан

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Ержан Хозеұлы Қазыхан (бұрын — Қазыханов;<ref>Үлгі:Cite web</ref> 21 тамыз 1964, Алматы) — қазақстандық саясаткер, дипломат, тарихшы-шығыстанушы, тарих ғылымдарының кандидаты. 2025 жылдан бастап Қазақстанның Женева қаласындағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі жанындағы тұрақты өкілі және 2026 жылдан бастап Президенттің Америка Құрама Штаттарымен келіссөздер процесіндегі өкілі. Бұрынғы Сыртқы істер министрі (2011—2012).

Өмірбаяны

Ленинград Мемлекеттік университетінің Шығыс факультетін бітірген (1987). Мамандығы: Тарихшы-шығыстанушы. КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясы мен Үндістан халықаралық қатынастар институтында білімін жетілдірген 1987—1989 жылдары Кеңес Армиясының қатарында әскери борышын өтеді.

Еңбек жолын 1989 жылы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде бастады: 1989—1992 жылдары Протоколдық-саяси бөлімінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, 1992—1995 жылдары Мемлекеттік протокол басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары болды.

1995—2000 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкілдігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.

2000—2003 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Көп жақты ынтымақтастық департаментінің директоры.

2003—2007 жылдары Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі болды, сонымен қатар Қазақстанның Кубадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарды.

2007—2008 жылдары — Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2008 жылғы ақпаннан желтоқсанға дейін Президенттің көмекшісі болды.

2009—2011 жылдары Қазақстанның Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстанның Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі болды.

2011 жылғы ақпан-сәуір аралығында Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2011—2012 жылдары — Қазақстанның Сыртқы істер министрі.

2012—2014 жылдары Президенттің көмекшісі болды.

2014—2017 жылдары Қазақстанның Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болды.

2017—2021 жылдары Қазақстанның Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды.

2021—2023 жылдары Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі болды. Оған қоса 2022—2023 жылдары Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.

2023—2025 жылдары Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып қызмет етті.<ref>ҚАЗЫХАН Ержан Хозеұлы</ref><ref>Мемлекет басшысының Жарлығымен Ержан Хозеұлы Қазыхан Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды</ref>

2025 жылдан бастап Қазыхан — Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі.<ref>Ержан Қазыхан жаңа қызметке тағайындалды</ref> 2026 жылғы қаңтарда оған Президенттің Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесіндегі Өкілі міндеті жүктелді.<ref>Мемлекет басшысының өкімімен Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі Ержан Хозеұлы Қазыханға Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша келіссөздер процесіндегі Қазақстан Республикасы Президенті Өкілінің міндеттері жүктелді</ref>

Марапаттары

Отбасы

  • Зайыбы: Қазыханова Данара Михайловна
  • Балалары: қызы - Айгерім, ұлы - Тайыр

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Start box Үлгі:Succession box Үлгі:End box[[Санат:Қазақстанның АҚШ-тағы елшілері]]