Ержан Баймұқанұлы Отаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ержан Баймұқанұлы Отаров 1956 жылы 24 қазанда Қарағанды қаласында туған. Қазақ. Қарағанды тау-кен техникумын (1978) техник-құрылысшы; Алматы халық шаруашылығы институтын (1993) экономист мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1985 жылдан - Қарағанды жылыту жабдығы зауытының жөндеу-құрылыс цехының ағаш шебері, цех шебері, қап цехының бастығы. 1988 жылдан - «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» тресінің бас инженері, Ленин ауданы №4 ЖРЭП директоры, «Карремжилэксплуатация» компаниясының бас директоры, Қарағанды қаласы ЖРЭП-4 директоры. 2001 жылдан - Теміртау қаласы Инфрақұрылым және құрылыс басқармасы бастығының м.а., басқарма бастығы. 2003 жылдан - «Теміртау» тау шаңғысы кешені» ЖШС директоры. 2005 жылдан - Қарағанды қаласы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі бастығының м.а., бөлім бастығы. 2006жылдан - «Қазавтожол» РМК Қарағанды филиалының директоры. 2009 жылдан - «Теплотранзит Қарағанды» ЖШС директоры. 2010 жылдың қыркүйегінен бері - Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы ауданның әкімі.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub