Ержан Арыстанбекұлы Жаңғаулов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ержан Арыстанбекұлы Жаңғаулов - 1968 жылы 28 мамырда Семей облысы Үржар ауылында туған. Қазақ.

Қарағанды мемлекеттік университетін (1992) заңгер мамандығы бойынша бітірген. 1992 жылдан - «Саяхат» ШК директоры, заңгер қызметін қоса атқарушы. 1993 жылдан - Семей облысы прокуратурасының Мақаншы аудандық прокуроры көмекшісінің міндетін атқарушы. 1994 жылдан - Мақаншы аудандық прокурорының көмекшісі. 1995 жылдан - ҚР Заң министрлігінің Сот жұмыстарын ұйымдастыру басқармасы атқарушы өндірісі мен шағымдарды қарау бөлімінің 1-ші санаттағы кеңесшісі, жетекші кеңесшісі, ҚР заң министрінің көмекшісі. 1997 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің құқықтық сараптама бөлімінің кеңесшісі, бөлім кеңесшісі, заң, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі секторының меңгерушісі. 2000 жылдан - ҚР Президенті Іс басқармасының заң қызметі және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі. 2001 жылдан - «Мұнай және газ тасымалдау ҰК» ЖАҚ заң департаментінің директоры. 2002 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ шаруашылық шарттар мен кінарат-талаптық жұмыс департаментінің директоры, атқарушы директоры, вице-президентінің кеңесшісі. 2003 жылдан «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі атқарушы директоры. 2006 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі басқарушы директоры. 2009 жылдан бері - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құқықтық қамта масыз ету женіндегі бас менеджері - басқарма мүшесі. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі.

Қыздары - Арыстанбекова Аружан Ержанқызы (2000 ж.т) Арыстанбекова Жаннұр Ержанқызы (2005 ж. т.); ұлы Арыстанбеков Ерасыл Ержанұлы (2006 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}