Ерейментау қорықшасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ерейментау қорықшасы , Ақмола облысы Ерейментау ауданында Респеспубликалық маңызы бар, 1986 ж. ұйымдастырылған. Жер аумағы 35 мың га. Қорықша табиғаты әсем таулы өлкеде, Ерейментау таулы алқабында орналасқан. Ерейментау қорықшасында көне дәуірлерден осы уақытқа дейін сақталып қалған реликт өсімдіктердің алуан түрлері өседі. Өсімдіктердің 400-дей түрінің 50-ге жуығы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Мысалы, жабысқақ қандыағаш, көктем жанаргүлі, т.б. Қорықшада негізінен жан-жануарлар дүниесі қорғалады. Арқар, елік, дала суыры, ақ қоян сияқты бағалы аңдармен қатар 150-ге жуық құстардың түрлері бар. Онда Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген хайуанаттардан: арқар, безгелдек, қызылжемсаулы қарашақаз, сұңқылдақ аққу, дуадақ, ақбас тырна, дала қыраны, лашын, т.б. мекендейді.

<ref name="test">Қазақ энцклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ерейментау қорықшасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}