Ергенғұл Төлегенов
Төлегенов Ергенғұл (1907, бұрынғы Адай уезі, Жеменей болысы – 2007) – педагог, Қазақ КСР-іне еңбек сіңірген мұғалім. Тигендегі Ержан хазірет мектеп-медресесінде оқып, ескіше сауат ашқан. 1952 жылы Бұрынғы Гурьев мұғалімдер институтын, 1965 жылы Гурьев педогогика институтын бітірген. 1931 жылы босқан елмен бірге Түрікменстанға өтіп, 1 жылдық мұғалімдер даярлайтын курсты бітірген соң, Байрамалыда сауатсыздықты жою мектебінде мұғалім болды. 1937 – 1938 жылы «Халық жауы» деген айып тағылады. 1938 – 1942 жылы Тигенде мұғалім, 1942 – 1946 жылы Түрксібте істеді. 1946 жылдан жергілікті мектептерде мұғалім болды. 2007 жылы облыс, аудан көлемінде Төлегеновтің 100 жас мерейтойы тойланды.<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007</ref>
Дереккөздер
<references/>