Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов
Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов (30 тамыз 1984 жыл, Семей) — қазақстандық мемлекеттік қайраткер, 2024 жылғы 2 қыркүйектен бері Қазақстанның Туризм және спорт министрі.<ref name="ulys">Үлгі:Cite web</ref>
Білімі
Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.<ref name="ulys" />
Еңбек жолы
Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.
2009–2014 жж. — Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы; меңгерушісі.
2006–2018 жж. — «Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ жаттықтырушы-оқытушысы.
2018–2020 жж. — «Қызылжар Арландары» спорт клубының директоры болып жұмыс істеді.
2020–2021 жж. — «Qazaq kuresi» қауымдастығының басқарушы директоры.
2021–2023 жж. — Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры.
2023–2024 жж. — Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы.
2024 жылғы 2 қыркүйектен бастап Туризм және спорт министрі.<ref name="ulys" />