Ербол Ғұмарұлы Салықов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ербол Ғұмарұлы Салықов 1964 жылы 10 шілдеде Орал облысы Жаңақала ауданының Новая Казанка кентінде туған. Қазақ. Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылық институтын бітірген (1985), инженер-механик. Қазақ және орыс тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі. 1985 жылдан - Орал мемлекеттік аңшылық кәсіп шаруашылығының (Орал облысы Жаңақала ауданының Жаңақала ауылы) бас инженері. 1986 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Жаңақала аукомының бірінші хатшысы. 1991 жылдан - «Орал» ШК (Орал облысы Жаңақала ауданының Жаңақала ауылы) директоры. 1993 жылдан - Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары. 2002 жылдан - Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының ұйымдық-бақылау жұмыс бөлімінің бас инспекторы, меңгерушісі. 2004 жылдан - Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданының әкімі. 2006 жылдан бері - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. Батыс Қазақстан облысы аңшылар және балықшылар қоғамының мүшесі. «Құрмет» (2009) орденімен; «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне Южыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. Әскери атағы - запастығы аға лейтенанты. Үйленген. Жұбайы - Салықова Мария Молдағалиқызы. Қыздары - Фатима, Нұрида; ұлы - Досқан.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub