Ербол Шымкентбайұлы Әлиқұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Ербол Шымкентбайұлы Әлиқұлов 1974 жылы 1 қаңтарда Шымкент облысы «Киров» қалалық кентінде туған. Қазақ. Әкесі - Әлиқұлов Шымкентбай, марқұм, Оңтүстік Қазақстан облысы әскери комиссариат бастығы болған. Анасы - Әбдірайымова Аманкүл, зейнеткер. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің психология факультетін (1996) психология оқытушысы мамандығы бойынша; әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің экономика және философия факультетін (2007) заң ғылымдары бакалавры мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты (2007). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Алматы қаласының үлгісінде логистикалық жүйелерді отын-энергетикалық кешенде дамыту динамикасы». Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін біледі. «Нұр Отан» ХДП мүшесі (2005 жылдан). 1991 жылдан - әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің студенті. 1996 жылдан - Бауыржан Момышұлы атындағы Республикалық қайырымдылық қорының «Кәусар бұлақ» баспасы директорының орынбасары. 1998 жылдан - «Асфар» ЖШС жарнама-полиграфиялық компаниясының директоры (Алматы қ.). 2002 жылдың ақпанынан - Алматы қаласы Түркісіб ауданының әкімі аппаратының нарықтық қатынастарды дамыту бөлімінің бас маманы м.а., 2002 жылдың мамырынан - бас маманы; 2003 жылдан - отын-энергетика бөлімінің бастығы. 2005 жылдан - Алматы қ. Түркісіб ауданы әкімінің орынбасары. 2006 жылдың ақпанынан - Алматы қ. Алмалы ауданы әкімі көмекшісінің м.а., 2006 жылдың мамырынанкөмекші-кеңесшісі, 2006жылдың шілдесінен -әкімніңорынбасары. 2009 жылдың маусымынан бері - Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі. Әскери атағы - капитан. Діни көзқарасы - демократиялық. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикалық өрлеу, демократиялық жаңғыру, ұдайы даму үстіндегі бәсекеге қабілетті мемлекет». Хоббиі - теннис, тау шаңғысы, оқу. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарих, психология, экономика; фантастика. Үйленген. Жұбайы - Әліқұлова Зарина Ықыласбекқызы (1981 ж. т.), балалар дәрігері. Үлдары - Әліқұл Бекназар (2000 ж. т.), Әліқұл Нұрмұхамед (2008 ж. т.); қызы - Әліқұл Ақбота (2004 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub