Ерболат Құдүриұлы Әуезов
Үлгі:Infobox Biography Ерболат Құдүриұлы Әуезов 1952 жылы 23 желтоқсанда Алматы облысы Ұйғыр ауданының Кетпен ауылында туған. Қазақ.
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін бітірген (1979), тарихшы.
«Алматы» энциклопедиясының (2009), «Алматының сәулеттік хроникасы» (2010), «Жетісудың ортағасырлық астаналары» кітаптарының, жоғары сыныптарға арналған «Алматы қаласының тарихы» оқу құралының (2010); сондай-ақ көптеген мақалалардың авторы. «Апматы тарихы» кітабының (Екі томдық, 2006-2009) тең авторы.
Қазақ және орыс тілдерін біледі.
1979 жылдан - «Қазақ қалпына келтіру» ғылыми-зерттеу өндірістік шеберханасының ғылыми қызметкері, аға ғылыми қызметкері. 1981 жылдан - «Қазжобақалпынакелтіру» институтының аға ғылыми қызметкері. 1985 жылдан - ҚазКСР Орталық мемлекеттік мұражайының бөлім меңгерушісі, директорының орынбасары. 1992 жылдан - Алматы қаласы ҚІІБжанындағы милиция әлеуметтік көмегі қорының директоры. 1998 жылдан - «Аян» ЖШС директоры. 2002 жылдан - Алматы қаласы Тарих мұражайының директоры. 2010 жылдан бері - Алматы қаласы Мәдениет басқармасы бастығының орынбасары.
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері.
Сүйіп оқитын әдебиеті - А. Құнанбаев, М. Әуезов, О. Сүлейменов, А.П. Чехов.
Үйленген. Жұбайы - Әуезова Роза Тоқтасынқызы. Қыздары - Нәйла, Әмина, Әлия.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>