Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов (13 мамыр 1963 жыл, Ақжайық ауданы, қазіргі Батыс Қазақстан облысы) — қазақстандық мемлекет қайраткері, 2024 жылғы мамырдан бастап Қазақстан премьер-министрінің кеңесшісі.

Бұдан бұрын Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі (2022–2023), Қазақстан премьер-министрінің орынбасары (2020–2022), Маңғыстау облысының әкімі (2017–2019), Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясының төрағасы (2019–2020) болған.<ref name="ulysmedia">Үлгі:Cite web</ref>

«Ескі Қазақстан» өкілдерінің бірі делінетін<ref name="ulysmedia" /> Ералы Тоғжанов — елдегі ең даулы шенеуніктердің бірі. Ол әсіресе 2022 жылы жалақысын айтудан бас тартқаны,<ref>Үлгі:Cite web</ref> 2023 жылы Асхат Ниязовқа берген даулы сұхбаты,<ref name="niyazov">Үлгі:Cite web</ref> мемлекеттік қызметте жұмыс істегенде қызметкерлеріне балағат айтқан інісі<ref name="marat">Үлгі:Cite web</ref> үшін белгілі.

Өмірбаяны

Ералы Тоғжанов 1963 жылғы 13 мамырда Орал облысының Ақжайық ауданындағы Шағатай ауылында туған. Жетіру тайпасы Табын руынан шыққан.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген (1988), құқықтанушы, заң ғылымдарының кандидаты (1995).

Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Сібір қазақтары облысын басқару және Ресейдің Шығыс саясатындағы оның орны (1822–1868)».

Сын

Асхат Ниязовпен сұхбаты

2023 жылғы 23 шілдеде жарыққа шыққан Ақтөбе облысының әкімі Тоғжановтың «Обожаю» бағдарламасының негіздеушісі мен журналис Асхат Ниязовқа берген сұхбатында Ниязовтың кей сұрақтарына жауап берудің орнына журналистің қазақша сөйлегенін талап етті, тақырыпты тіл мәселесіне ауыстыра берді.<ref>Үлгі:Cite web</ref> Осы қылығы үшін әкім әлеуметтік желілерде сынға алынды.<ref name="niyazov" /><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Өз өмірі

Ералы Тоғжановтың саясатпен айналысатын інісі Марат Тоғжанов бар. 2022 жылғы қарашада Бәйтерек ауданының әкімі болған ол қызметкерлерімен дөрекі сөйлеген; диктофонға түскен 1 сағат, 20 минуттық бейнеде ол 140-тан астам рет балағат сөз айтты.<ref>Үлгі:YouTube</ref>

Ералы Тоғжанов үйленген. Жұбайы — Тоғжанова Гүлнар Сапарғалиқызы (1968 жылы туған). Қыздары — Аяжан (1989 жылы туған), Айғаным (1991 жылы туған), Бақыттыгүл (1994 жылы туған) және Минура (2008 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Wikify

Үлгі:Әлихан Смайыловтың министрлер кабинеті Үлгі:Асқар Маминнің министрлер кабинеті