Енисей ойма жазулары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Енисей ойма жазулары - Енисей өзені бойынан табылған көне түркі руникалық ескерткіштері (5-9 ғ. шамасы). Ескерткіштер, негізінен, құлыптастарға, сондай-ақ ұқсақ бұйымдарға ойылып жазылған. Жалпы саны 150 шамасында (негізінен Қызыл, Абакан, Минусинск қаласындағы өлкетану музейлерінде сақтаулы).


Бұл ескерткіштер 17-18 ғ-да табыла бастағанымен, оқылуының сыры 19 ғ. соңында Орхон ойма жазуларының табылуымен байланысты ашылды (қазіргі Көне түркі жазба ескерткіштері). Кезінде осы ескерткіштерді көзімен көріп, қолмен ұстап, талдау жасап жарыққа шығарған түркі руникасының мамандары —В. В. Радлов, С. Е. Малов, И. А. Батманов, A. М. Щербак, Д. М. Насилов т. б. біршама іс тындырған еді. Алайда, түп нұсқасымен салыстырғанда, бұрын жарияланған Енисей текстерінің кейбірінде руникалық әріптердұрыс келтірілмеген, оқылуы нақты берілмеген, аудармасы ойдағыдай шықпаған.

Д. Д. Васильевтің 1984 ж. "Енисей алқабындағы түркі руникалық ескерткіштер құрамы" атпен шыққан еңбегі сол бір олқылықты толықтырғандай жағдай жасамақ болған. Әсіресе, ескерткіштер келбетінің фотосурет арқылы жинақталып берілуі өте құптарлық. Сондай-ақ бұрын-соңды шашыранды жарияланған ақпарларды бір ізге салып, толықтыра келіп топтама түрінде беруі игілікті іс болған. Еңбектің көлеңкелі жағы да баршылық. Осыған дейінгі зерттеушілердің бірі де сол көне текстерді оқуға талпынып, қалай оқуға болатындығын кестелеген еді. Оларда оқылуы мен аудармасы үзеңгілес келетін еді. Ал бұдан түрлі ғылым тұжырымдар жасап, әр салада түйіндеулерге мүмкіндіктер туатын еді. Д. Д. Васильев болса, текстердің қалай оқылуы мен аудармасын мүлде қалдырып, тек руханикалық әріптердің берілуін (трансграфика, транслитерация) көрсетумен шектелген. Трансграфикамен шектелуі бүгінгі ғылым талабын өтей алмайтығындығын мойындаған жөн. Осыдан болар, автор ұсынған пікірлер көңілге күдік, ойға шүбә туғызады. Әсіресе, руникалық таңбалардың дыбыстық мағынасының көрсетілген жерлері ғылымның қол жеткен соңғы табыстары деңгейінен төмен болған. Сондай-ақ, мұнда кескінделген пішіндегі жазуларда (прорисовка) түпнұсқадан ауытқушылық жетерлік (Мысалы, 3, 5, 6, 7, 10-текстері бойынша келтірілген графикалық нұсқалар). Жаппы алғанда, көне түркі руникасының жиынтығын (Мысалы, Енисей руникасын) жариялауда бұл салада қол жеткен тәжірибелер мен анықталған заңдылықтар ескеріліп, түркі руникалық жазулардың оқылуы мен аударылуы бірлікте берілуі тиіс.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}