Емшегін көкке сауу
Үлгі:Тексерілмеген мақала Емшегін көкке сауу — қазақ халқының әдет-ғұрыптарының бірі. «Ана біткен аспанға ақ сүтін сауып, зарлап, өлі-тірі әруақты шақырды». (Ә.Сараев). Ата-анасына зәбір-жапа көрсеткен, қол жұмсаған, тілі тиген немесе ел-жұртына, руына ел істемеген іс істеп, ұят келтірген жастарды жазалаудың ауыр түрлері бар. Олар атаның теріс батасы және ананың емшегін көкке саууы. Яғни, бұл қарғыстың шегі болып саналады. Ана мұндай жағдайда «ақ сүтімнің садағасы кет!» деп өз баласына немесе қылмыскерлерге лағнет айтып, қарғай отырып, құдайға, әруақтарға салып емшегін көкке сауады. Бұл - ата-анасының елбұзарларға деген ең ақырғы ауыр жазасы. Бұл жаза, қарғыс алынбайды. Мұндай қарғыс алған адамдарды жұрт өз қатарына алмайды пейіл білдірмейді, қамқорлық жасамайды.<ref>Қазақ халқының салт-дәстүрлері.-Алматы: «Алматыкітап баспасы» ЖШС,2014</ref>