Емил Пейчев Боев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

'Боев Емил Пейчев (7.7. 1932 ж.т.) — болгар түркологы. София ун-тінің түркология бөлімін бітірген (1956). 1960 жылдан бері сонда оқытушы. Қыпшақ тобындағы түркі тілдерін, оның ішінде қазақ тілін зерттеген. 1967 жылдан бері София ун-тінде қазақ тілінен сабақ береді. Болгариядағы түрік мектептеріне арналған түрік тілі оқулықтары авторларының бірі. Боев Емил Болгариядағы түрік тілінің родол диалектілерін жан-жақты зерттеумен бірге, “Варна татарларының тіл өзгешеліктері” (1964), “Болгар тіліндегі түрік тілінің әсерімен енген бұрынғы түркизмдер” (1965), “Болгар тілі мен түркі тілінің арақатынасы” (1968), “Болгар тілі мен қазақ тіліне ортақ сөздер” (1970), т.б. еңбектер жариялады.

Дереккөздер</span>

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub