Емен жапырақты құмсәлбен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Емен жапырақты құмсәлбен (Үлгі:Lang-la, Үлгі:Lang-ru) <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>- тауқалақайлар тұқымдасы құмсәлбен туысына жататын бір жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 5-17 см, түбінен бастап жайыла бұтақталған.
  • Жапырағы сопақша жұмыртқа немесе қандауыр тәрізді, екі ұшы да сүйір, жиегі өткір тісшелі, тісшілері өткір тікенге ұласады, үстіңгі жағы жалаң, астыңғы жағын, кейде тек өзегінің бойын ұзын әрі бұйра түк басқан.
  • 4-6 гүлі масаққа біріккен. Гүлсерігі қысқа, цилиндр тәрізді, тостағаншасының ұзындығы 6-7 мм, сыртын ұзын бұйра түк жапқан, тісшелері ұшбұрышты үшкір келеді. Жемісі піскен кезде тостағаншасы қоңырау тәріздене ұлғайып, ұзындығы 10 мм-ге жейін жетеді, тісшелерінің ұзындығы 6 мм. Күлтесі қызғылт күлгін түсті, жіңішке түтігінің ұзындығы 12 мм-дей болып келеді. Үстіңгі ерні ұзынша, ұш жағында аздап ойықтала тілімделген.
  • Қара немесе бурыл түсті жаңғақшасының ұзындығы 3 мм, ені 1 мм, қара дақтары бар, бүйірі мен ұш жағына қарай жарғақты. Мамыр-маусым айларында гүлдеп, маусым-шілдеде жемісі піседі.

Таралу аймағы мен өсетін жері

Қазақстанда Торғай қолаты, Арал теңізі маңында, Қызылорда облысында, Бетпақдала, Мойынқұм, Қызылқұм шөлдерінде, Жетісу (Жоңғар) және Теріскей Алатауларында, Шу-Іле тауларында өседі. Өсетін орны - құмды шөлдер, далалар, құмды жарлар, құрғақ жерлер.

Дереккөздер

<references/>