Елубай Абдуллаұлы Орымбаев
Елубай Абдуллаұлы Орымбаев - 1950 жылы 24 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы Таскөмірсай кентінде туған. Қазақ. Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген, инженер- құрылысшы-технолог. Жобаларды басқаруға РМІ әдіс-намасы бойынша сертификаты бар (2006). Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1972 жылдан - ҚазКСР Ауырқұрылысмині «Қаратаухимқұрылыс» тресінің құрылыс материалдары комбинатының шебері, 1973 жылдан - бас технологі, бас инженері (Жаңатас қ.). 1975 жылдан - ҚазКСР Монтажарнайықұрылысмині «Қазболатконструкция» Жаңатас басқармасы өндірістік- техникалық бөлімінің бастығы. 1977 жылдан - ҚазКСР Ауырқұрылысмині «Қаратауфосфорқұрылыс» тресінің №2 жылжымалы механикаландырылған колоннасының бас инженері (Жаңатас қ.). 1983 жылдан - «Зауытқұрылыс» құрылыс-монтаждау поезінің бастығы, 1988 жылдан - ҚазКСР Ауырқұрылысмині «Қаратаухимқұрылыс» тресінің бас инженері (Жаңатас қ.). 1992 жылдан - ҚР Ауырқұрылысмині «Қаратаухимқұрылыс» тресінің басқарушысы (Жаңатас қ.). 1993 жылдан - «Қаратаухимқұрылыс» АҚ президенті. 1996 жылдан - Жамбыл облысы Сәулет, тұрғын үй салу және әкім аумағына құрылыс салу департаментінің бастығы (Тараз қ.). 1998 жылдан - «Достук Достык Дружба» ОСОО қырғыз-қазақ-ресей бірлескен кәсіпорнының бас директоры (Алматы қ.). 1999 жылдан - «Тараз» ӨҚК Басқармасының төрағасы, «РЫМ» өнеркәсіп корпорациясының президенті (Тараз қ.). 2002 жылдан - «Виал» ЖШС бас директорының орынбасары (Алматы қ.). 2006 жылдан - «Alwin Group» ЖШС инвестициялық құрылыс компаниясы бас директорының орынбасары, бас директоры (Алматы қ.). 2008 жылдан қаңтар айынан - «Atameken Kurylys» құрылыс компаниясының бас директоры (Алматы қ.). 2008 жылдан мамыр айынан - «Достық Құрылыс» құрылыс компаниясы» ЖШС бас директоры (Алматы қ.). 2009 жылдан наурыз айынан бері - «REAL Plus» ЖІІІС ди- ректоры (Астана қ.). Оның жетекшілігімен ҚР-да көптеген объектілер салынып, пайдалануға енгізілді, оның ішінде: ҚР қорғаны министрлігінің әскери клиникалық госпиталі (Алматы қ.). «Бес-Тұлға» 21 қабатты тұрғын үй кешені (Алматы қ.), «Земляничная поляна» коттедждер қалашығы (Каменка кенті), Атырау қ. турғын үй кешендері, кен-байыту фабрикалары, зауытттар, Қаратау химиялық өнеркәсіп фосфорит бассейнінің кеніштері және т.б. ҚР Құрметті құрылысшысы (2010). Үйленген. 3 баласы бар.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>