Елтінжал
Елтінжал – Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Жаңажол ауданынан солтүстік-шығысқа қарай 2 км жерде орналасқан қайыңды орман. Орман 4 км-ге жуық созылып жатыр, ені 1 км. Кей жерлерінде көктерек өседі, сан алуан шөп пен гүл арасындағы алаңқайларда қой бүлдіргені, шие бұтасы, қалың тоғай ішінде бүлдірген мен саңырауқұлақ өседі. Қоян, түлкі, борсық, елік пен құр мекендейді. 1826 жылға дейін Елтінжал халық ақыны, сазгер Біржан салдың қыстауы болған. Орман шетінде сыбан руының басшысы Есеней а. орналасқан. 1826 – 42 ж. Есенейдің күйеу баласы Елтіннің туған-туыстарының қыстауы болғандықтан, орман атауы сол адамның есіміне байланысты қойылған. Бұл қыстауда 1900 ж. С.Мұқанов, 1902 ж. Ғ.Мүсірепов дүниеге келген.<ref name="test">Қазақ энцклопедиясы</ref>
Дереккөздер
<references />